1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 23.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 77-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4166
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Бұйрықтың кіріспесіне өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 05.02.2009 № 30-НҚ бұйрығымен. (19.07.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В.Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы N 77-НҚ бұйрығымен бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 05.02.2009 № 30-НҚ бұйрығымен. (19.07.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Ереже табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар (бұдан әрі - сараптамалар) жүргізу жөнінде тәртіпті айқындайды және оларға қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
техникалық сараптама - қолданысқа енгiзiлген активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамаларын) және активтердi жұмыс iстеуiн қалпында ұстауды қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзу қажеттiгiн, өндiрiс технологиясының, материалдық, еңбек шығындарының белгiленген нормаларға сәйкестiгiн қоса алғанда, технологиялық процестiң тиiмділігiн талдау, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттiгiн, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша негiзгi құралдарды iске қосудың деңгейiн және олардың дұрыс бөлiнуiн талдау;
қаржылық сараптама - табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын және уәкiлеттi органның шешiмдерiн орындауын бағалау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметiн, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес өзге қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлiнуiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне қолданылатын тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсерiн талдау, тарифтiк сметаның орындалуын және есепке алу саясатының сақталуын, инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуын тексеру (бағалау);
уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
сарапшы - қаржылық және (немесе) техникалық сараптамалар жүргізу жөнінде қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
Полная версия