Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015
Энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1319 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 21.08.2015 жылғы № 657 Қаулысына сәйкес
«Энергетика кәсіпорындары үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 20.02.2015 жылғы № 123 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 20 жылғы 16 қазандағы
 № 1319 қаулысымен
 бекітілген
Энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары
1. Осы Энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленген және энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) тоқтату – энергетикалық қондырғылардың немесе жабдықтардың жоспарлы немесе жоспардан тыс істеп шығарылуы;
3) энергетикалық кәсіпорын – энергия өндіруші (жеке қажеттіліктері мен (немесе) іске асыру үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын энергия ұйымы) және энергия жеткізуші (электр немесе жылу энергиясын шарт негізінде жеткізуді жүзеге асыратын ұйым) ұйымдар.
Өрт қауіпсіздігінің ұйымдастыру іс-шаралары
3. Энергетикалық кәсіпорындардың басшылары:
1) барлық инженерлік-техникалық жұмыскерлердің, жұмысшылар мен қызметшілердің осы Қағидаларды зерделеуін және орындауын ұйымдастырады;
2) іс-шараларды бекітуге қажетті ақша бөліністерін бөле отырып, өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді, бекітуді, сондай-ақ орындауды қамтамасыз етеді.
3) жабдықты жөндеу, қайта жаңарту және құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде кәсіпорын персоналымен және мердiгерлiк ұйымдармен дәнекерлеу және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудің нақты тәртібін анықтайды;
4) кәсiпорынның өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн жүйелі түрде тексеру тәртібін белгілейді. Өрт туғызуы мүмкін анықталған кемшiлiктердi жоюға қажетті шаралар қабылдайды;
5) әрбір өндірістік учаскеде және үй-жай бойынша өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды тағайындайды. Кәсіпорын жұмыскерлерінің сумен жабдықтау жабдығының техникалық жай-күйін, жөндеуін және қалыпты пайдаланылуын, өртті анықтау және сөндіру қондырғыларын, сондай-ақ басқа да өрт техникасы мен өрт сөндіру құралдарын тұрақты қадағалау үшін цехтар арасындағы қызмет көрсету аймақтарын шектейді;
Полная версия
ИС BestProfi