"Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметінің регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2011 жылғы 25 ақпандағы № 18 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 16 наурызда № 6814 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 1 қарашадан бастап ҚР Бас Прокурорының 14.07.2014 жылғы № 72 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 1041 Жарлығымен бекітілген «Прокуратура, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі стандартына және «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы (Гаага, 1961 жылдың 5 қазандағы)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының 2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңының 11 бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, төмендегіні БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшадағы «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 3 «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5153 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2008 ж., № 7 жарияланған) күшінің жойылуын мойындауды.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
1. Осы Регламент Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 1041 Жарлығымен бекітілген «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметінің стандартына (әрі қарай - Стандарт) сай жасалған және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аталған қызметті көрсету механизмін анықтайды.
2. Бас прокуратура мемлекеттік қызметті тікелей немесе орталықтар арқылы жеке тұлғалардың (тұтынушылардың) олардың (өтініш беруші) құқықтары мен заңды мүдделерін орындау мақсатындағы өтініштері бойынша көрсетеді.
1) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 11 «Қазақстан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Заңы;
2) «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы (Гаага, 05.10.1961 ж.)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы;
3) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халыққа қызмет көрсету орталықтары мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы;
4) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедеғі № 745 қаулысы.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны – апостиль қойылған - тұлға қойған қолдың түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілетін және осы құжат жинақталған мөрдің түпнұсқалығын растайтын арнайы мөр – құжат беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы ақпаратты 010000 Астана қ-сы, Орынбор к-сі, 8, ҚР Бас прокуратурасы мекен-жайы бойынша немесе орталықтарда алуға болады. Интернет ресурсы: www.procuror.kz. Телефоны 71-26-76.
1) Мемлекеттік қызмет – прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының апостиль қою мемлекеттік қызметі;
1) жеке тұлға Бас прокуратураға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі 1 жұмыс күннен аспайды. Орталықтардан түсетін жеке тұлғалардың сұрай салуларын орындау мерзімі – құжаттардың Бас прокуратураға түскен күнінен бастап 1 жұмыс күні. Құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 40 минуттан аспайды. Құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты тұрудың 10 минуттан аспайды;
2) Астана қаласындағы орталықтарға жүгінгенде, қажетті құжаттар Бас прокуратураға түскен күнінен бастап бір жұмыс күн (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 30 минуттан аспайды. Құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты 30 минуттан аспайды.
Азаматтар Бас прокуратураға пошта арқылы жазбаша түрде осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттан басқа құжаттармен қоса жүгіне алады, оның орнына оның көшірмесін қосу қажет.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 540-бабының 8) тармақшасына сәйкес әрбір апостиль қойылатын құжат үшін айлық есептеу көрсеткіштен 50% көлемінде мемлекеттік төлем алынады.
1) Бас прокуратураға жүгінген жағдайда – демалыс және мейрам күндерін ескермегенде аптасына бес күн, кезек тәртібімен алдын-ала жазылусыз құжаттарды қабылдау 11.00 - 11.30 сағатта, құжаттарды беру 17.30 - 18.00 сағатта жүзеге асырылады;
2) орталықтарға жүгінген жағдайда – жексенбі және мейрам күндерін ескермегенде, белгіленген жұмыс тәртібіне сәйкес, аптасына алты күн түскі үзіліссіз 9.00 - 20.00 сағатта. Филиалдар мен өкілдіктер үшін жұмыс кестесі бір сағаттық түскі үзіліспен 9.00 - 19.00 сағатта белгіленеді. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетіп қызмет көрсетусіз, «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
12. Бас прокуратураның үй-жайында бөлек кіретін есігі, күту залы болады, ақпараттық стенділермен жабдықталады және ғимараттың бірінші қабатында орналасады, мүмкіндігі шектелген тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
Орталықтардың ғимараттарында мүмкіндігі шектелген тұтынушыларға да қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады.
13. Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында Бас прокуратура мен орталықтарда шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
1) Бас прокуратураға - жеке басын куәландыратын құжатты және оның көшірмесін, Конвенцияға қатысушы-мемлекеттердің аумағында заңдастыруды талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжатын және мемлекеттік баждың төленуі туралы түбіртекті, қажеттік жағдайында - жеке тұлғаның құжатты үшінші адамға беру үшін нотариалды расталған келісімін;
2) орталыққа - жеке басын куәландыратын құжатты және оның көшірмесін, Конвенцияға қатысушы-мемлекеттердің аумағында заңдастыруды талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжатын және мемлекеттік баждың төленуі туралы түбіртекті, қажеттік жағдайында - жеке тұлғаның құжатты үшінші адамға беру үшін нотариалды расталған келісімін ұсынады.
16. Мемлекеттік қызметті Бас прокуратурада алу үшін бланктерді, өтініштерді толтыру талап етілмейді. Орталықта өтініштердің бланктері күту залында арнайы діңгекте, немесе орталықтың консультаттарында болады.
Қоса берілген құжаттармен бірге өтініштерді Бас прокуратураға және кері жеткізуді орталық курьерлік байланыс арқылы күніне кемінде 2 рет жүзеге асырады.
19. Бас прокуратура орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін олардың осы регламенттің 14-тармағына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, деректерді картотека бойынша тексереді, апостиль қояды және өтініш берушіге беру үшін орталыққа жолдайды.
22. Жеке тұлғаның жазбаша сұрау салуына апостиль қойылған құжаттар немесе құжаттар қосылған апостиль қоюдан жазбаша бас тартуды Бас прокуратура конвертке салып, өтініш берушіге пошта арқылы жолданады.
Прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының апостиль қойылған ресми құжаты немесе құжаттар қосылған апостиль қоюдан жазбаша бас тарту жеке басын куәландыратын құжатты немесе нотариуспен куәландырылған сенім хатты және оған аталған сенімхат рәсімделген адамның жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған жағдайда беріледі.
24. Бас прокуратураның қызметі адамның конституциялық құқығын, қызметті атқару барысындағы заңдылықты сақтауға, толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылықты қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
26. Бас прокуратураның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен бекітіледі.
27. Бас прокуратура қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне телефон арқылы шағымдануға болады. Бас прокуратура қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 71-25-77 телефоны бойынша немесе www.procuror.kz Интернет-ресурсынан алуға болады.
Орталық инспекторының әрекеттеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты орталықтың ақпараттық-анықтама қызметінде 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
28. Шағым Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының немесе оның орынбасарларының атына 010000 Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Бас прокуратура мекенжайына жіберіледі. Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жөніндегі шағым орталық директорының атына беріледі. Стандартта көрсетілген орталықтарының мекенжайлары мен телефондар көрсетілген.
29. Шағым Бас прокуратураның кеңсесінде 010000 Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Бас прокуратура мекенжайы бойынша қабылданады. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 12.30-дан 14.30-ға дейін түскі ас үзілісімен аптасына бес күн сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін.
31. Шағым қабылдау туралы дәлел ретінде шағымданушыға нөмірі, күні, байланыс ақпараты, шағым қабылдаған тұлғаның аты-жөні, қарастыру уақыты және мерзімі, тиісті жауап алу жөніндегі ақпарат көрсетілген шағымды тіркеу туралы құжат беріледі.
Бас прокуратураға түскен шағымдарды қарастыру Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңмен ескерілген тәртіп және мерзім бойынша жүзеге асады. Шағымдар міндетті қабылдауға, тіркеу және есепке алынады.
34. Осы Регламенттің 1-қосымшасына (1, 2, 3 кесте) сәйкес, әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсім) мерзімі көрсетіліп, әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдер) өзара ықпалдастығының кезектілігі мәтіндік кестелік сипатта берілген.
35. Осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі әкімшілік әрекеттердің қисынды кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба мәтіндік кестелік сипатта ұсынылған.
1. Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін тексеру және штрих-код беру арқылы қабылдау. Құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және жүйеде тіркеу
3. Барлық жіберілетін құжаттардың Жүйеде бар екендігін тексеру. Жүйеде тіркеу және тізілімді басып шығару.
5. Тізілімге сәйкес түскен құжаттарды тексеру
7. Есеп журналындағы мәліметтерді салыстыру, тұлғаның айқындама деректерін тіркеу, картотека бойынша құжаттардың түпнұсқалығын тексеру, апостиль қоюдан уәжді бас тартуды даярлау
3
2. Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін орталықтың жинақтаушы бөліміне беру
4. Тізілім бойынша құжаттарды курьерлік қызметке беру
6. Барлық қабылданған құжаттарды Бас прокуратураға беру (ХЫД)
8. Құжаттарды және уәжді бас тартуды курьерлік қызметке беру