Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 қаулысымен бекітілген
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Үкіметі және Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
4. Кеңес қызметінің мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамыту басымдығына сай келетін Қазақстан Республикасының бірыңғай инвестициялық саясатын іске асыру, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуда және тиімді пайдалануда жәрдемдесу болып табылады.
5. Қойылған мақсаттар шеңберінде Кеңеске мынадай міндеттер жүктеледі:
1) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің инвестициялық саясат саласындағы практикасын және Қазақстан Республикасының дамыту басымдықтарын ескере отырып, инвестициялық қызметті дамытудың бірыңғай стратегиясын анықтау;
2) Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық ахуал жасау, оның ішінде шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатқа қатысты нормативтік құқықтық актілерін, салық және кеден заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасы экономикасының өңдеуші салаларына инвестицияларды тежейтін проблемаларды шешудің мүмкін жолдарын талдау.
3. Кеңестің құрамы
6. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңестің төрағасы болып табылады.
7. Кеңестің құрамы қазақстандық тараптан Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет, Инвестициялар және даму, Сыртқы істер министрліктерінің, Бас прокуратураның және өзге де ұйымдардың басшылары, олардың орынбасарлары немесе жауапты хатшылары қатарынан қалыптастырылады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2013 жылғы № 327 Қаулысымен (23.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) 7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
8. Кеңестің құрамына Кеңестің төрағасы айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да лауазымды тұлғалары кіруі мүмкін.
9. Шетелдік тараптан Кеңестің құрамы саны 20 адамнан аспайтын, халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының өкілдері, шетелдік компаниялардың басшылары арасынан қалыптастырылады.
4. Кеңестің жұмыс тәртібі
10. Кеңестің Төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және шешімдердің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Кеңес Төрағасының орынбасары орындайды.
11. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет қана өткізіледі және егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысынан көбі қатысса заңды болып саналады.
12. Кеңестің отырыстарына оның құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері шақырылуы мүмкін.
13. Кеңестің отырысы Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Кеңестің жұмыс жоспары Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Кеңестің жұмыс жоспары жарты жылда бір рет жасалады.
14. Кеңестің мүшелерін Кеңестің кезекті отырысының күні мен күн тәртібі, қаралатын мәселелер туралы ол өткізілгенге дейін кемінде 10 жұмыс күні Кеңестің жұмыс органы ескертеді.
15. Кеңестің күн тәртібі Кеңестің бекітілген жұмыс жоспары немесе Кеңес төрағасының басқа да ұсыныстары бойынша қалыптастырылады.
16. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңес төрағасының бастамасы бойынша не Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен астамының бастамасы бойынша өткізілуі мүмкін. Кеңестің кезектен тыс отырысының бастамашысы төрағаның қарауына талқылау үшін мәселелер тізбесін енгізеді. Кеңестің төрағасы Кеңестің кезектен тыс отырысының жұмыс тәртібін анықтайды және оны өткізу күнін белгілейді.
17. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (07.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңес отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
18. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
18-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (07.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
18-1. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді.
Ереже 18-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
5. Кеңестің жұмыс органы
19. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.08.2013 жылғы № 801 Қаулысымен (08.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) 19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (07.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) 19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс.
20. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
20-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (07.08.2013 ж. редакцияны қараңыз)
6. Кеңестің қызметін тоқтату
21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 275 қаулысына қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.11.2012 жылғы № 1481 Қаулысымен (01.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.04.2013 жылғы № 327 Қаулысымен (23.11.2012 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.08.2013 жылғы № 801 Қаулысымен (08.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (07.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің құрамы
Қазақстан тарапынан:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы салық төлеушілері қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
шетелдік тараптан:
Қазақстандағы Америка сауда палатасының президенті (келісім бойынша)
Қазақстандағы сауда палатасының атқарушы директоры (келісім бойынша)
CamecoKazakhstan президенті (келісім бойынша)
Turkuaz президенті (келісім бойынша)
НортКаспианОперейтинг Компани (НКОК) басқарушы директоры (келісім бойынша)
RioTinto директоры (келісім бойынша)
BASF бас директоры (келісім бойынша)
DanoneBerkut бас директоры (келісім бойынша)
Microsoft бас директоры (келісім бойынша)
Kazakhstan kagazy бас директоры (келісім бойынша)
Procter&Gamble бас директоры (келісім бойынша)
Ситибанк Қазақстан бас директоры (келісім бойынша)
Полная версия