Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2019
"Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1326 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 24 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 19.04.2019 жылғы № 213 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесінде:
«3) жергілікті атқарушы орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) маңдайша - сауда (жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету) субъектісінің эмблемасын, тауарлық белгілерін, брендтерін қоса алғанда, осындай субъекті тауарларды сататын, қызметтер көрсететін және жұмыстар орындайтын жерлердегі жылжымайтын объектілерде орналастырылатын оның атауы мен қызмет түрі туралы ақпарат.»;
«4. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызметтер көрсету саласының кәсіпорындары орналастыратын мынадай жарнама объектілері:
2) жайма сөрелер мен терезелерді безендіру;
4) үй-жайлардың ішкі безендірілуі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне жатпайды.»;
«16. Жергілікті атқарушы орган өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді не негізді түрде бас тарта отырып, жазбаша жауап қайтарады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi