Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 780 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 623 Қаулысына сәйкес
«Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 23.02.2015 жылғы № 147 Бұйрығын қараңыз
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2011 жылғы 3 шілдедегі
№ 780 қаулысымен
бекітілген
Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы
1. Осы Теңіз кемелерімен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағида жүзу кезінде немесе тұраққа кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу тәртібін белгілейді.
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын;
2) олардың жүзуі немесе Қазақстан Республикасының аумақтық және ішкі су жолдары тұрағы кезінде шетел туын көтеріп жүзетін пайдаланудағы теңіз кемелеріне таралады.
4. Осы Қағида Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз Күштерінің және шекара қызметінің теңіз бөлімдерінің туын көтеріп жүзетін кемелерге қолданылмайды.
5. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық жағдай - апатқа ұшырауға және теңізде жүзу сапасын жоғалтуға әкеп соқтырған кемемен болған оқиға, кемемен басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарының, жағалау құрылыстарын, су асты кабелін, су асты құбыр жолдарын зақымдау, кеменің тіркеп сүйреткен объектісін жоғалтуы;
2) Комитеттің аумақтық бөлімшесі - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі;
3) навигациялық қауіпсіздік - навигациялық картаның және жүзуге арналған оқу құралының жеткіліктік пен дәлдігі дәрежесі, навигациялық жабдық құралдарының штаттық орнынан ауысуы және олардың сипаттамаларының өзгеруі туралы навигациялық жедел ақпараттың, уақтылығы, жүзу ауданын гидрографиялық қамтамасыз етудің толықтығы мен сенімділігі, радионавигациялық құралдар сипаттамасының тұрақтылығы, ауа райы жағдайын болжау сапасы жүзудің қауіпсіз жолдары туралы ұсынымдар және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және басқа факторлары;
4) пайдаланылу шектеулері - авариялық жағдайдың нәтижесінде пайда болған техникалық жай-күйі деңгейінің төмендеуін және/немесе теңізде жүзу сапасының нашарлауын, жабдықтауда кемшіліктердің пайда болуын, жабдықтаудың толық болмауын ескере отырып, кемені пайдалану кезеңінде уәкілетті орган белгілеген талаптарды белгілі бір қолданудан шығару;
5) сюрвейер - кемелерді және жүктерді тексерумен айналысатын және олардың жай-күйі, авариялық жағдай кезінде бұзушылықтардың мөлшері туралы, кеменің теңізде жүзуі туралы қорытындыны беретін сарапшы;
Полная версия
ИС BestProfi