«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарларын және құстарды аса қауіпті инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 Қаулысы
Редакция 29.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 қаулысымен бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 090 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (бұдан әрі - ағымдағы нысаналы трансферттер) республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін анықтайды.
2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
2. Ағымдағы нысаналы трансферттер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға бағытталған және мыналарды көздейді:
1) ауыл шаруашылығы жануарларына (ұсақ мал, жылқы, түйе, шошқа) арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау жөніндегі қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын (ұсақ мал, түйе, шошқа) бірдейлендіруді жүргізуге арналған ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын) сатып алуды жүзеге асыру;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған (таңбалауға және жапсырмалауға арналған) аппарат сатып алуды жүзеге асыру;
4) жануарлардың жеке нөмірлерін салыстырып оқуға арналған сканерді және өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтер сатып алуды жүзеге асыру.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2011 № 1632 Қаулысымен. (07.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2011 жылға арналған республикалық бюджеттегі қаражат шегінде игерілмеген қаражатты бұдан әрі пайдалану мәселесін қарастырады.
4. Министрлік республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, сондай-ақ қол қойылған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы Келісім шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері ауыл шаруашылығы жануарларына арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау қызметтерін (бұдан әрі - қызметтер), ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын), ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған аппаратты, жануарлардың жеке нөмірлерін салыстырып оқуға арналған сканерді, өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтерді (бұдан әрі - тауар) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып табылады.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.12.2011 № 1632 Қаулысымен. (07.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия