Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1222 Қаулысы       
Редакция 14.04.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 23 желтоқсандағы
 N 1222 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдер
5. Бағдарламалық және өзге нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі
Миссия:  қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны сақтау, өсімін молайту және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуін қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар жасау.
Пайымдау:  экологиялық заңнама және ең жақсы халықаралық тәжірибе және стандарттар негізінде оны сақтау тетіктері қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуді қамтамасыз етеді, ең жақсы технологияларды енгізу және табиғат қорғау іс-шаралары табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануды және қалпына келтіруді қамтамасыз етеді, институционалдық шаралар орнықты даму қағидаттарын елдің әлеуметтік экономикалық дамуының әртүрлі аяларына енгізуге мүмкіндік береді, қоршаған орта мониторингінің жүйесін және гидрометқызметті жаңғырту ауа-райын, сұрапыл табиғат құбылыстарын сенімді болжауды және халықтың қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратқа қол жетімдігін қамтамасыз етеді.
2. Ағымдағы ахуалды талдау
2-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.05.2009 № 715, 14.04.2010 № 303 Қаулыларымен. (23.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы N 216 Жарлығымен  бекітілген 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) басымдықтар ретінде ресурстарды және энергияны тиімді пайдалану мәселелерін, теңгерімделген демографиялық саясатты, экологиялық орнықтылықты қамтамасыз етуді қояды. Дәл осымен экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі мемлекеттің рөлі артады. 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 848  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен орнықты дамуға көшудің нысаналы көрсеткіштері қабылданды. Бұл құжатта маңызды экономикалық, әлеуметтік, экологиялық параметрлердің нақты мәндері анықталған, оларға біздің ел 2009, 2012, 2018 және 2024 жылдарға қарай қол жеткізуді көздеп отыр. 
Полная версия
ИС BestProfi