Близость слов: Окончание:





Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды және ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 28 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6156 болып енгізілді
Осы қаулының мәтіні бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн» деген сөздер «қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны» деген сөздермен ауыстырылды.(3-тармақты қараңыз)
Редакция 12.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (26.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 жылғы № 93 Қаулысымен (03.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесі және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптары туралы.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын бірінші ресми жариялағаннан кейін алты ай өткеннен кейін осы қаулының мәтіні бойынша «қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн» деген сөздер «қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, актуарийлерге, «Қазақстан актуарийлер қоғамы» қоғамдық бірлестігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен
 қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2010 жылғы 1 наурыздағы
 № 28 қаулысына 1-қосымша
Қосымша 01.01.2011 жылдан бастап қолданысқа енгізілді осы Қаулының 2-тармағына сәйкес
Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін орындаған кезде жазатайым жағдайлардан оны міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысын есептеу барысында үстемеақы коэффициенттерін қолдану ережесі
Ереже алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 жылғы № 93 Қаулысымен (03.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
 Қаржы нарығын және қаржы
 ұйымдарын реттеу мен
 қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2010 жылғы 1 наурыздағы
 № 28 қаулысына 2-қосымша
Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесі және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптары туралы
Осы Ереже «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу тәртібін және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (26.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер мөлшері Заңның 23-бабының 3-тармағына сәйкес анықталады.
2. Аннуитеттік төлемдер құнын есептеу үшін аннуитет шарттары бойынша ағымдағы құн факторын пайдаланады.
3. Ағымдағы құн факторы бір жылға аннуитеттік төлемдерді алған жасқа дейінгі аннуитет шартының жасалған күніндегі жастан сақтандырылушының (лардың) өмірінің соңына дейінгі көрсеткіші (терінің) туындыларының сомасы және тиісінше деңгейдегі дисконтталушы фактор ретінде анықталады. Дисконтталушы фактор аннуитеттік төлемдер құнын есептеу үшін пайдаланатын кірістіліктің тиімді пайыздық ставкасы сомасының кері шамасына және 1-ге тең.
4. Ағымдағы құн факторындағы аннуитеттік төлемдер құнын анықтау кезінде сақтандыру ұйымының сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий айқындайтын болжамдық ұлғаю мөлшеріне әрбір қосылғышты түзету арқылы инфляцияның болжанатын деңгейі теңбе-тең аннуитеттік төлемді индексациялау ескеріледі. Болжамдық ұлғаюды актуарий инфляция бойынша статистикалық деректердің негізінде айқындайды және экономикалық көрсеткіштердің өзгеру тәуекелдері ескеріле отырып инфляцияның соңғы 15 жылдағы нақты және болжамды деңгейлерінің орташа мәндерінің ең жоғарысынан кем болмайды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 жылғы № 93 Қаулысына сәйкес (03.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Аннуитеттік төлемдер құнын есептеу халықтың өлім-жітімі туралы деректер, инфляцияның болжанатын деңгейі және аннуитет шартының талаптары ескеріле отырып кірістіліктің пайыздық мөлшерлемесінің мөлшері негізінде жүргізіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2015 жылғы № 93 Қаулысына сәйкес (03.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.07.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Сақтандырушы аннуитет шарттары бойынша аннуитеттік төлемдердің ағымдағы құнының факторын есептеу кезінде осы Ережеге 1, 2-қосымшаларда көрсетілген, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12318 болып тіркелген «Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысымен (бұдан әрі – № 194 қаулы) белгіленген көрсеткіштерден аспайтын өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 жылғы № 143 Қаулысына сәйкес (09.08.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2010 жылы № 506-512 (26355) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (27.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес (26.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Зардап шеккен қызметкердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес зиянды өтетуге құқығы бар адамдардың пайдасына жасалған аннуитет шарттары бойынша аннуитет төлемдерінің ағымдағы құнының факторын есептеу кезінде өлім-жітімнің мынадай:
1) зардап шеккен қызметкер үшін – осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген;
2) елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан ер адамдар үшін – № 194 қаулыда көрсетілген;
3) он алты жастан асқан мүгедектігі бар адамдар үшін – осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген көрсеткіштері пайдаланылады;
4) он алты жасқа толмаған мүгедектігі бар адамдар, кәмелетке толмағандар, оқушылар, ата-аналар, ерлі-зайыптылар не қайтыс болған қызметкердің асырауындағы балаларын, немерелерін, бауырларын күтумен айналысатын отбасының басқа мүшесі үшін нөлге тең өлім-жітім көрсеткіштері пайдаланылады.
6-1. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген өлім-жітім көрсеткіштерінен төмен болып табылатын өлім-жітім көрсеткіштері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуге жатады.
Ереже 6-1 тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 жылғы № 143 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2010 жылы № 506-512 (26355) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (27.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өлім-жітім көрсеткіштерін келісу үшін сақтандырушы уәкілетті органға өлім-жітім көрсеткіштерін қоса тіркей отырып, ерікті нысанда хат жібереді. Уәкілетті орган сақтандырушыдан хат алған күннен бастап оған күнтізбелік отыз күн ішінде өлім-жітім көрсеткіштерін қарау қорытындысы бар хат жібереді. Келісу нәтижелері оң болмаған жағдайда сақтандырушы осы Ереженің 6-тармағында көзделген өлім-жітім көрсеткіштерін қолданады.
7. Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер құнын есептеу кезінде жылдық 10 (он) пайыздан аспайтын тиімді жылдық кірістіліктің пайыздық ставкасы пайдаланады.
8. Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдер құны аннуитеттік төлем туындысы және осы Ереженің талаптарына сәйкес есептелген сақтандырылушының сәйкесінше жасындағы ағымдағы құн факторы ретінде анықталады.
9. Егер, аннуитет шартының талаптарына сәйкес аннуитеттік төлемдер Заңға сәйкес аннуитет шартының мерзімі аяқталғанға дейін сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда зиянды өтеуге құқығы бар тұлғамен көзделсе, ағымдағы құн факторы аннуитеттік фактордың және осы Ереженің 2, 3, 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес анықталған ағымдағы құн факторының сомасы ретінде есептеледі.
Аннуитеттік фактор осы тармақта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін аннуитет шарты жасалған күннен тиісінше деңгейлердегі дисконтталушы фактор сомасын білдіреді.
10. Аннуитет шартында мынадай мәліметтер бар:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 жылғы № 143 Қаулысына сәйкес (09.08.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2010 жылы № 506-512 (26355) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) сақтандырушының атауы, орналасқан орны, телефоны және банктік деректемелері;
3) сақтанушының (жеке тұлғалар үшін) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжатты берген органның нөмірі, күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент) және экономика секторы, тұрғылықты жері, байланыс телефон нөмірлері;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (27.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4) сақтанушының (заңды тұлғалар үшін) атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент) және экономика секторы, орналасқан жері, банктік деректемелері, байланыс телефон нөмірлері;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (27.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
5) сақтандырылушы (пайда алушы) жөнінде нұсқау (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжатты  берген органның нөмірі, күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент), тұрғылықты жері, байланыс телефон нөмірлері);
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 127 Қаулысына сәйкес (27.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6) уәкілетті орган берген аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны берген күні, сериясы және нөмірі туралы мәліметтер;
7) аннуитет шартының мәні (Заңға сәйкес қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып табылатын тұлғаның пайдасына аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді жүзеге асыру);
9) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, тәртібі және төлеу мерзімі, сонымен қатар аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы Заңның 19 және 23-баптарына сәйкес анықталады;
10) сақтандыру төлемінің мөлшері, тәртібі және мерзімі, оның ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың басталған күні;
11) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
12) аннуитет шартының қолданылу аумағы;
13) аннуитет шартының қолданылу мерзімі;
14) аннуитет шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жағдайы мен тәртібі;
15) аннуитет шартын бұзу және тоқтату жағдайы мен тәртібі; 
11. Аннуитет шартының талаптарымен Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес аннуитет шартының қолданылу кезеңінде қызметкердің қайтыс болуымен байланысты, пайда алушыларға аннуитеттік төлемдерді жүзеге асыру көзделуі мүмкін.
12. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемі сақтандырылушының (пайда алушының) банктік шотына сақтандыру төлемінің сомасын аудару арқылы немесе сақтандырылушының (пайда алушының) сақтандырушының кассасынан қолма-қол ақшаны алуы арқылы жүзеге асырылады. Сақтандырылушының (пайда алушының) банктік шотына сақтандыру төлемін аудару барысында банктік қызметті төлеу сақтандырушының қаражаты есебінен жүргізіледі.
13. Сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстары жиынтығында сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 1 (бір) пайызынан аспайтындай плюс әрбір сақтандыру төлемінің 3 (үш) пайызынан аспайтын мөлшерді құрайды.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.01.2021 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік
 төлемдерді есептеу және аннуитет
 шарты мен сақтандырушының жасалатын
 аннуитет шарттары бойынша істі
 жүргізуге арналған шығыстарының жол
 берілетін деңгейіне қойылатын талаптары
 туралы ережеге 1-қосымша
Ереже 1-қосымшамен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 жылғы № 143 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2010 жылы № 506-512 (26355) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалтқан тұлғалардың еңбек жарамдылығын жоғалту дәрежесі бойынша бөлінген өлім-жітім көрсеткіштері
 
Жасы Еркектер Әйелдер
5-29% 30-59% 60-89% 90-100% 5-29% 30-59% 60-89% 90-100%
16 0,0001904 0,0003026 0,0009480 0,0015906 0,0000952 0,0002324 0,0007819 0,0023859
17 0,0002881 0,0004541 0,0013926 0,0023367 0,0001440 0,0003487 0,0011486 0,0035050
18 0,0004358 0,0006814 0,0020458 0,0034327 0,0002179 0,0005234 0,0016873 0,0051490
19 0,0006594 0,0010226 0,0030053 0,0050427 0,0003297 0,0007854 0,0024787 0,0075690
20 0,0009976 0,0015347 0,0044149 0,0074078 0,0004988 0,0011787 0,0036412 0,0111118
21 0,0015092 0,0023032 0,0064856 0,0108823 0,0007546 0,0017690 0,0053491 0,0163235
22 0,0022833 0,0034565 0,0095275 0,0159865 0,0011416 0,0026547 0,0078580 0,0239767
23 0,0023584 0,0035415 0,0095555 0,0160334 0,0011792 0,0027200 0,0078810 0,0240501
24 0,0024359 0,0036285 0,0095835 0,0160805 0,0012180 0,0027869 0,0079042 0,0241208
25 0,0025160 0,0037177 0,0096116 0,0161277 0,0012580 0,0028554 0,0079274 0,0241916
26 0,0025988 0,0038091 0,0096399 0,0161751 0,0012994 0,0029256 0,0079506 0,0242626
27 0,0026842 0,0039027 0,0096682 0,0162226 0,0013421 0,0029975 0,0079740 0,0243338
28 0,0028908 0,0041693 0,0102127 0,0171362 0,0014454 0,0032022 0,0084231 0,0257043
29 0,0031133 0,0044542 0,0107878 0,0181013 0,0015567 0,0034210 0,0088975 0,0271519
30 0,0033530 0,0047584 0,0113954 0,0191207 0,0016765 0,0036547 0,0093985 0,0286811
31 0,0036111 0,0050835 0,0120372 0,0201976 0,0018055 0,0039043 0,0099279 0,0302964
32 0,0038890 0,0054307 0,0127151 0,0213351 0,0019445 0,0041710 0,0104870 0,0320026
33 0,0041907 0,0058050 0,0135455 0,0227285 0,0020954 0,0044585 0,0111719 0,0340927
34 0,0045158 0,0062051 0,0144301 0,0242129 0,0022579 0,0047658 0,0119015 0,0363193
35 0,0048662 0,0066327 0,0153726 0,0257942 0,0024331 0,0050942 0,0126788 0,0386913
36 0,0052437 0,0070898 0,0163766 0,0274788 0,0026219 0,0054453 0,0135068 0,0412182
37 0,0056505 0,0075784 0,0174461 0,0292734 0,0028253 0,0058206 0,0143890 0,0439101
38 0,0061226 0,0082532 0,0187961 0,0315386 0,0030613 0,0063388 0,0155024 0,0473078
39 0,0066341 0,0089881 0,0202505 0,0339790 0,0033170 0,0069032 0,0167019 0,0509685
40 0,0071883 0,0097883 0,0218174 0,0366082 0,0035941 0,0075179 0,0179943 0,0549123
41 0,0077888 0,0106599 0,0235056 0,0394409 0,0038944 0,0081872 0,0193867 0,0591614
42 0,0084394 0,0116090 0,0253245 0,0424928 0,0042197 0,0089162 0,0208868 0,0637392
43 0,0089408 0,0124837 0,0268073 0,0449809 0,0044704 0,0095880 0,0221098 0,0674713
44 0,0094719 0,0134243 0,0283769 0,0476146 0,0047360 0,0103104 0,0234044 0,0714219
45 0,0100347 0,0144358 0,0300385 0,0504026 0,0050173 0,0110873 0,0247747 0,0756039
46 0,0106308 0,0155235 0,0317973 0,0533538 0,0053154 0,0119227 0,0262254 0,0800307
47 0,0112623 0,0166931 0,0336491 0,0564778 0,0056312 0,0128210 0,0277609 0,0847166
48 0,0121571 0,0183308 0,0362908 0,0608936 0,0060785 0,0140788 0,0299315 0,0913404
49 0,0131229 0,0201293 0,0391283 0,0656547 0,0065615 0,0154601 0,0322717 0,0984820
50 0,0141655 0,0221041 0,0421876 0,0707880 0,0070828 0,0169769 0,0347949 0,1061820
51 0,0152909 0,0242727 0,0454861 0,0763227 0,0076455 0,0186425 0,0375154 0,1144840
52 0,0165057 0,0266541 0,0490425 0,0822901 0,0082529 0,0204715 0,0404487 0,1234352
53 0,0176221 0,0287913 0,0520055 0,0872618 0,0088110 0,0221129 0,0428924 0,1308927
54 0,0188139 0,0310999 0,0551474 0,0925338 0,0094070 0,0238860 0,0454838 0,1388007
55 0,0200864 0,0335936 0,0584792 0,0981243 0,0100432 0,0258013 0,0482318 0,1471865
56 0,0214449 0,0362873 0,0620123 0,1040526 0,0107225 0,0278702 0,0511457 0,1560789
57 0,0228953 0,0391970 0,0657588 0,1103391 0,0114477 0,0301049 0,0542358 0,1655086
58 0,0242052 0,0413803 0,0683044 0,1146104 0,0121026 0,0317817 0,0563353 0,1719156
59 0,0255901 0,0436851 0,0709485 0,1190470 0,0127950 0,0335520 0,0585161 0,1785706
60 0,0270541 0,0461184 0,0736950 0,1236555 0,0135271 0,0354208 0,0607813 0,1854832
61 0,0286020 0,0486872 0,0755478 0,1284423 0,0143010 0,0373938 0,0631341 0,1926634
62 0,0302383 0,0513991 0,0795110 0,1334144 0,0151192 0,0394766 0,0655781 0,2001215
63 0,0323704 0,0538145 0,0822899 0,1380771 0,0161852 0,0413318 0,0678700 0,2071156
64 0,0346528 0,0563435 0,0851659 0,1429028 0,0173264 0,0432741 0,0702420 0,2143542
65 0,0370961 0,0589912 0,0881423 0,1478971 0,0185481 0,0453077 0,0726969 0,2218457
66 0,0397117 0,0617635 0,0912229 0,1530660 0,0198559 0,0474369 0,0752376 0,2295990
67 0,0425118 0,0646660 0,0944110 0,1584156 0,0212559 0,0496661 0,0778672 0,2376234
68 0,0472888 0,0683796 0,0993836 0,1625148 0,0236444 0,0525183 0,0819684 0,2437721
69 0,0526027 0,0723065 0,1046182 0,1667200 0,0263013 0,0555344 0,0862857 0,2500800
70 0,0585137 0,0764589 0,1101284 0,1710341 0,0292568 0,0587236 0,0908303 0,2565511
71 0,0650888 0,0808498 0,1159288 0,1754598 0,0325444 0,0620959 0,0956143 0,2631897
72 0,0724029 0,0854928 0,1220348 0,1800000 0,0362014 0,0656620 0,1006503 0,2700000
73 0,0759257 0,0896525 0,1279724 0,1887580 0,0379628 0,0688568 0,1055475 0,2831369
74 0,0803695 0,0948997 0,1354624 0,1998056 0,0401847 0,0728869 0,1117250 0,2997084
75 0,0842991 0,0995397 0,1420857 0,2095750 0,0421495 0,0764506 0,1171877 0,3143625
76 0,0890089 0,1051010 0,1500241 0,2212840 0,0445044 0,0807219 0,1237350 0,3319260
77 0,0940267 0,1110260 0,1584816 0,2337587 0,0470133 0,0852725 0,1307105 0,3506380
78 0,0995979 0,1176045 0,1678719 0,2476093 0,0497990 0,0903251 0,1384553 0,3714140
79 0,1059557 0,1251116 0,1785878 0,2634152 0,0529778 0,0960909 0,1472934 0,3951227
80 0,1119813 0,1322267 0,1887440 0,2783954 0,0559906 0,1015555 0,1556699 0,4175931
81 0,1182649 0,1396463 0,1993350 0,2940171 0,0591325 0,1072541 0,1644050 0,4410256
82 0,1274632 0,1505075 0,2148386 0,3168847 0,0637316 0,1155960 0,1771919 0,4753271
83 0,1389253 0,1640419 0,2341579 0,3453805 0,0694626 0,1259909 0,1931259 0,5180707
84 0,1446697 0,1708249 0,2438402 0,3596617 0,0723348 0,1312006 0,2011114 0,5394925
85 0,1553810 0,1834728 0,2618941 0,3862910 0,0776905 0,1409146 0,2160017 0,5794365
86 0,1631501 0,1926464 0,2749888 0,4056056 0,0815750 0,1479604 0,2268018 0,6084084
87 0,1713075 0,2022786 0,2887380 0,4258855 0,0856537 0,1553583 0,2381417 0,6388280
88 0,1798728 0,2123924 0,3031748 0,4471797 0,0899364 0,1631261 0,2500488 0,6707700
89 0,1888666 0,2230123 0,3183339 0,4695391 0,0944333 0,1712826 0,2625514 0,7043090
90 0,1983095 0,2341623 0,3342498 0,4930149 0,0991547 0,1798463 0,2756783 0,7395220
91 0,2186368 0,2581647 0,3685114 0,5435505 0,1093184 0,1982811 0,3039363 0,8153260
92 0,2410468 0,2846263 0,4062834 0,5992638 0,1205234 0,2186047 0,3350894 0,8988960
93 0,2657546 0,3138010 0,4479283 0,6606895 0,1328773 0,2410121 0,3694367 0,9910340
94 0,2929941 0,3459652 0,4938402 0,7284092 0,1464970 0,2657155 0,4073034 1,0000000
95 0,3230258 0,3814264 0,5444587 0,8030708 0,1615129 0,2929512 0,4490518 1,0000000
96 0,3561365 0,4205232 0,6002665 0,8853868 0,1780682 0,3229792 0,4950803 1,0000000
97 0,3926402 0,4636266 0,6617934 0,9761383 0,1963201 0,3560843 0,5458257 1,0000000
98 0,4328852 0,5111476 0,7296262 1,0000000 0,2164426 0,3925824 0,6017720 1,0000000
99 0,4772562 0,5635405 0,8044133 1,0000000 0,2386281 0,4328223 0,6634539 1,0000000
100 0,5261754 0,6213040 0,8868665 1,0000000 0,2630877 0,4771871 0,7314586 1,0000000
101 1,0000000 1,0000000 1,0000000 1,0000000 1,0000000 1,0000000 1,0000000 1,0000000
«Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік
 төлемдерді есептеу және аннуитет
 шарты мен сақтандырушының жасалатын
 аннуитет шарттары бойынша істі
 жүргізуге арналған шығыстарының жол
 берілетін деңгейіне қойылатын талаптары
 туралы ережеге 2-қосымша
Ереже 2-қосымшамен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 жылғы № 143 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2010 жылы № 506-512 (26355) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Мүгедектердің өлім-жітім көрсеткіштері
 
Жасы Еркектер Әйелдер
16 0,0068245 0,0040296
17 0,0069227 0,0043711
18 0,0070223 0,0044715
19 0,0071234 0,0051433
20 0,0072259 0,0055791
21 0,0073298 0,0060518
22 0,0074353 0,0065647
23 0,0074172 0,0070949
24 0,0074113 0,0076753
25 0,0074694 0,0083199
26 0,0076436 0,0090431
27 0,0079858 0,0098591
28 0,0085275 0,0107640
29 0,0092185 0,0116824
30 0,0099884 0,0125207
31 0,0107664 0,0131855
32 0,0114821 0,0135832
33 0,0120905 0,0136655
34 0,0126488 0,0135643
35 0,0132399 0,0134569
36 0,0139467 0,0135202
37 0,0148521 0,0139314
38 0,0160071 0,0148087
39 0,0173351 0,0160349
40 0,0187276 0,0174337
41 0,0200761 0,0188290
42 0,0212722 0,0200447
43 0,0222475 0,0209495
44 0,0230942 0,0215916
45 0,0239443 0,0220642
46 0,0249302 0,0224603
47 0,0261840 0,0228731
48 0,0277999 0,0233776
49 0,0297203 0,0239764
50 0,0318495 0,0246541
51 0,0340918 0,0253952
52 0,0363515 0,0261843
53 0,0385449 0,0270083
54 0,0406362 0,0278639
55 0,0426014 0,0287502
56 0,0444164 0,0296664
57 0,0460574 0,0306115
58 0,0475132 0,0315851
 
Жасы Еркектер Әйелдер
59 0,0488242 0,0325881
60 0,0500434 0,0336218
61 0,0512241 0,0346875
62 0,0524193 0,0357867
63 0,0549711 0,0373550
64 0,0566467 0,0382044
65 0,0552533 0,0384565
66 0,0578591 0,0393853
67 0,0614864 0,0411760
68 0,0653739 0,0439710
69 0,0689913 0,0463428
70 0,0732121 0,0485667
71 0,0766012 0,0514563
72 0,0811067 0,0554130
73 0,0850530 0,0574990
74 0,0900310 0,0611550
75 0,0944330 0,0637740
76 0,0997090 0,0662660
77 0,1053300 0,0714150
78 0,1115710 0,0756750
79 0,1186930 0,0796160
80 0,1254430 0,0867380
81 0,1324820 0,0916330
82 0,1427860 0,1008810
83 0,1556260 0,1073630
84 0,1620610 0,1148730
85 0,1740600 0,1260410
86 0,1827630 0,1352770
87 0,1919010 0,1449240
88 0,2014960 0,1565720
89 0,2115710 0,1698440
90 0,2221490 0,1800350
91 0,2449200 0,2022870
92 0,2700240 0,2272900
93 0,2977020 0,2553830
94 0,3282160 0,2869480
95 0,3618580 0,3224150
96 0,3989490 0,3622660
97 0,4398410 0,4070420
98 0,4849240 0,4573520
99 0,5346290 0,5138810
100 0,5894290 0,5773970
101 1,0000000 1,0000000
Полная версия
ИС BestProfi