«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Қазақстанның бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 шілдедегі № 945 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес «Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 02.02.2015 жылғы № 58 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидалар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 шілдедегі № 945 қаулысымен бекітілген
Қазақстанның бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидалар 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстанның бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидалар (бұдан әрi – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi. Осы Қағидалар Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою тәртiбiн айқындайды.
2. Жүйелiк оператордың біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегi авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi өкiмдерiн Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығынын барлық субъектiлері орындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) авариялық бұзушылықтарды жою – мыналарға:
авариялық бұзушылықтардың өршуiн болдырмауға;
қызмет көрсетуші персонал мен авариялық бұзушылыққа ұшырамаған жабдықтар үшін қауiпті аластатуға;
тұтынушылардың қоректенуін және электр энергиясының сапасын (жиiлiгi мен кернеуiн) қалпына келтiруге;
біртұтас электр энергетикасы жүйесінің және оның жекелеген бөлiктерiнiң авариядан кейiнгi ең сенiмдi схемасын жасауға;
жабдықтың авариялық бұзылысы кезiнде ажыратылған жай-күйiн және оны жұмысқа қосу мүмкiндiгiн анықтауға бағытталған операциялар;
2) авариялық бұзылысты болғызбау - мына:
энергетикалық жүйедегi орнықтылықтың жоғалуы;
жабдықтардың зақымдануы (желiлердiң, жабдықтардың шектен тыс жүктемесi);
электр энергиясы сапасының кемуi (кернеу мен жиiлiктiң шектен тыс жоғары не төмен деңгейлерi) қаупіне байланысты авариялық жағдайлардың жедел немесе автоматты түрде болғызбау және жою;
Полная версия