Близость слов: Окончание:





Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 88 Өкімі
Бүкіл мәтін бойынша «сыныптық шендер», «сыныптық шендерді», «сыныптық шендерден» деген сөздерден кейін тиісінше «, біліктілік сыныптары», «, біліктілік сыныптарын», «, біліктілік сыныптарынан» деген сөздермен толықтырылды ҚР Президентінің 09.10.2019 жылғы № 184 Жарлығына сәйкес (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 09.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді, біліктілік сыныптарын беру тәжірибесін жетілдіру мақсатында:
1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия құрылсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 09.10.2019 жылғы № 184 Жарлығына сәйкес (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2. Комиссияның негізгі міндеті Мемлекет басшысының атына келіп түскен жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру туралы ұсыныстарды алдын ала қарау және олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті ұсыныс енгізу болып табылады деп белгіленсін.
3. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін (N 2 - қосымша).
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жоғары әскери, арнаулы және өзге атақтар жөніндегі комиссия туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы N 3238 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 48, 468-құжат) күші жойылды деп танылсын.
N 1-қосымша 
Қазақстан Республикасы 
Президентінің 1999 жылғы 
3 қарашадағы N 88 өкімімен 
бекітілген
Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссияның дербес құрамы 
Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-қосымша алынып тасталды ҚР 18.04.2002 жылғы № 88 Өкімімен
N 2-қосымша 
Қазақстан Республикасы 
Президентінің 1999 жылғы 
3 қарашадағы N 88 өкімімен 
бекітілген
Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссия (бұдан былай - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды алдын-ала қарау және Мемлекет басшысы үшін дайындау мақсатында құрылды.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1) уәкілеттік берілген орталық атқару органдары мен олардың лауазымды тұлғаларынан келіп түскен жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендерді, біліктілік сыныптарын беру туралы ұсыныстарды алдын ала зерделеу және олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізу;
2) заңдарда көзделген жағдайларда жоғары әскери және өзге де атақтардан, сыныптық шендерден, біліктілік сыныптарынан айыру туралы мәселелерді алдын ала қарау болып табылады.
Комиссия негізгі міндеттерді іске асыру мақсатында: 
1) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру және олардан айыру мәселелері жөнінде ұсыныс табыс етуге;
2) атақтар мен сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру туралы ұсыныстар бойынша қорытынды беруге;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан өзінің қызметіне қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратуға; 
4) атақтар мен сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
5) құқық қорғау органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беруге ұсыну мәселелері бойынша ұсыным жолдауға;
6) атақтар мен сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру және олардан айыру жөніндегі шағымдар мен өзге де өтініштерді қарауға хақылы.
4. Комиссияның құрамы және оның жұмысын ұйымдастыру
1. Комиссия Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын Комиссияның төрағасы мен 6 мүшесінен тұрады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 21.02.2018 жылғы № 642 Жарлығымен
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.04.2019 жылғы № 26 Жарлығымен (21.02.2018 жылғы редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығымен (09.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Комиссияның лауазымдық құрамына: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (төраға), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, келісім бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары кіреді.
2. Комиссияның отырысы қажетіне қарай өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, құқықтық күші бар деп есептеледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 09.10.2019 жылғы № 184 Жарлығымен (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3. Комиссия шешімі отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 09.10.2019 жылғы № 184 Жарлығымен (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның шешімдері хаттамалық шешімдермен ресімделеді.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 09.10.2019 жылғы № 184 Жарлығына сәйкес (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
5. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі жүзеге асырады.
5-тармақ өзгертілді ҚР 09.02.2007 № 99, 24.04.2008 № 576 Өкімдерімен. (18.04.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.04.2019 жылғы № 26 Жарлығына сәйкес (21.02.2018 жылғы редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi