«Өңірлерді дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 07.08.2017
Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1617 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.08.2017 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1617 қаулысына қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2013 жылғы № 410 Қаулысымен (19.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (29.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Ақмола облысының әкімі
Алматы облысының әкімі
Астана қаласының әкімі
Алматы қаласының әкімі
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)
«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік коғамының вице-президенті (келісім бойынша)
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
«Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институты» акционерлік коғамының Астана қаласындағы филиалының директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1617 қаулысымен бекітілген
Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Астана және Алматы агломерацияларын дамыту мәселелері бойынша комиссия (бұдан әрі – Комиссия) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 26 шілдедегі № 862 қаулысына сәйкес құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) агломерацияларды дамытудың моделін қалыптастыру жөніндегі мәселелерді қарастыру және ұсыныстар әзірлеу;
2) республикалық және өңірлік нарықтарда агломерацияларды экономикалық позициялау.
5. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары:
1) агломерациялардың әсер ету аймағына кіретін шекаралар мен елді мекендерді (серіктес қалаларды, көршілес қалаларды, кенттерді, ауылдарды қоса алғанда) айқындау;
2) жерлерге түгендеу жүргізу, агломерацияны дамыту мақсатында аумақтарды резервтеу арқылы ерекше қала құрылысы реттеуін белгілеу (тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік алаңдар, магистральдық инфрақұрылым, рекреация аймақтары, жасыл және «азық-түлік» белдеулер және басқалар);
3) озық инновациялық және технологиялық шешiмдердi қолдана отырып (әлемдік үрдістерді ескере отырып) өндірістік, энергетикалық, инженерлік, көліктік, телекоммуникациялық, су шаруашылығы, әлеуметтік-мәдени және рекреациялық инфрақұрылымдарды үйлестіре дамыту жолымен агломерациялар халқының тыныс-тіршілігі үшін қолайлы орта құру (ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы);
4) кластерлік дамуды қамтамасыз ету инфрақұрылымын қалыптастыру, құрылысқа жеке капиталды тарту, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) тетіктері арқылы инфрақұрылымдық объектілерді пайдалануды қалыптастыру;
5) инновациялық технологияларды пайдалана отырып, агломерациялардың инфрақұрылымын үйлестіре дамыту;
6) әлемдік бизнес үшін олардың тартымдылығын арттыру мақсатында агломерациялардың кәсіпкерлік ахуалын және имиджін жақсарту;
7) агломерацияларды қалыптастыру кезінде Астана және Алматы қалаларының бәсекелестік басымдықтарын тиімді пайдалану;
8) астананың, республикалық маңызы бар қаланың және оларға іргелес облыстардың әкімдіктері арасындағы меморандумдардың мазмұны бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
6. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын өңірлердегі ахуалды талдау және зерделеу үшін қажеттілігіне қарай тартуға;
3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға құқылы.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оны отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (29.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
9. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2013 жылғы № 410 Қаулысымен (19.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) 9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (29.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) 9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
10. Комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда, қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (29.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалуға және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
11-1. Дауыс беру парақтарымен қоса Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
5. Комиссияның қызметін тоқтату
12. Комиссияның қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия