Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.08.2016
Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.08.2016 жылғы № 497 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған ғылыми сараптама жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2007 № 217 қаулысымен. (14.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Заң жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар көрсетiлген Ереженiң талаптарына сәйкес барлық заң жобасы және заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2007 № 217 қаулысымен. (14.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
2-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.03.2007 жылғы № 217 Қаулысына сәйкес
2-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.04.2011 жылғы № 359 Қаулысымен (14.02.2006 ж. редакцияны қараңыз)
2-1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1401 Қаулысымен (24.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.01.2015 жылы № 5(28483) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-2. Қазақстан Республикасының заң жобаларын әзірлеуші уәкілетті мемлекеттік органдар ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялауды көздейтін заңнамалық актілердің жобаларын енгізу жағдайларын қоспағанда, оларды көрсетілген Ереже талаптарына сәйкес ғылыми экономикалық сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз етсін.
Қаулы 2-2-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 05.04.2011 № 359 қаулысымен.
3. Орталық атқарушы және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдар белгiленген тәртiппен: 
2002 жылы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бірлесiп 2002 жылға арналған республикалық бюджетте "Заң жобалау жұмыстары" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн; 
мемлекеттiк тiлде заң жобаларын дайындаудың жай-күйiн жақсартсын және тиiстi мәселелерге тiкелей жетекшiлiк ететiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын; 
2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде жоғары тұрған кесiмдердiң орындалуы үшiн қабылдануы тиiс қолда бар ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жасасын және талдау нәтижелерi бойынша олардың уақытында қабылдануын қамтамасыз етсiн. 
4. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар 2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде бұл органдардың тиiстi бекiтiлген штат саны лимитiнiң шегiнде әрi оларды ұстауға көзделген әкiмшiлiк шығындардың есебiнен заңгерлiк қызметтердi толық жинақтауды және заңгерлiк бөлiмшелер құрылмаған органдарда оларды құруды жүргiзудi жүзеге асырсын әрі жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн. 
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi: 
2002 жылдың үшiншi тоқсанында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың заңгерлiк қызмет қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын бiлуiн тестiлеудi жүргiзсiн және тестiлеу нәтижелерi туралы тиiстi мемлекеттiк органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етсiн. 
6. Премьер-Министрдiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 51 өкiмiнде көрсетiлген мемлекеттiк органдар: 
дайындау мерзiмi аяқталған нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Yкiметiне 2002 жылдың 1 шiлдесiне дейiн енгiзсiн; 
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң лауазымды адамдарының шешiмдерiмен бақылаудан алынған тармақтар бойынша көрсетiлген өкiмге белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерiстер енгiзсiн. 
7. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Б.Ә.Мұхамеджановқа жүктелсiн.    
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2002 жылғы 30 мамырдағы
 N 598 қаулысымен
 бекiтiлген
Полная версия
ИС BestProfi