2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік ресімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 17.05.2014
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1486 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 17.06.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 17.05.2014 жылғы № 505 Қаулысына сәйкес
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
4) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мұрағаты шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1486 қаулысымен бекітілген
«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 2-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі – уәкілетті орган), мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық), халыққа ұтқыр қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ұтқыр орталық) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 29-бабының және «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) уәкілетті органның www.prokuror.kz интернет-ресурсында;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық РМК) www.con.gov.kz. интернет-ресурсында;
3) тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген ресми ақпарат көздерінде, уәкілетті органның және орталықтың ғимараттарында орналасқан стенділерде, үлгілері бар ақпараттық тақталарда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша да алуға болады.
Полная версия

