Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.12.2010
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 626 Жарлығы
Күші жойылды ҚР Президентінің 07.12.2010 № 1118 Жарлығымен (01.07.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2011 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
#$Жарлықтың күші жойылады - ҚР Президентінің 07.12.2010 № 1118 Жарлығымен.(2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында толық мәтіні және республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс
Тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті және қол жетімді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға (1-кезең) арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2008 жылғы 1 шілдедегі
 N 626 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 
3. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау 
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері 
5.1. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қолжетімділігі мен тартымдылығын қамтамасыз ету үшін оның мазмұнын, материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымын жаңғырту 
Полная версия
ИС BestProfi