Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылығы 13 маусымдығы N 488 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Карантиндік объектілер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1295  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 44, 440-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген қарсы күрес жүргізу ісі республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесінде: 
"Қазақстан Республикасының аумағында жоқ карантиндік маңызы бар, өсімдіктер зиянкестері, ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер" деген бөлімдегі»"А.Өсімдіктер зиянкестері" деген ішкі бөлімде: 
"Lymantria dispar L.(аsіаn rасе)" деген жол алынып тасталсын; 
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 
"Қазақстан Республикасының аумағында таралуы шектелген карантиндік объектілер" деген бөлімде "А.Өсімдіктер зиянкестері" деген ішкі бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: 
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді.
Полная версия
ИС BestProfi