Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысы
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күші жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 440-құжат).
2. «Сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 1265 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 520-құжат).
3. «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 20-құжат).
4. «Мемлекеттік орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 45 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 22-құжат).
5. «Су объектілерiне зиянды әсерлердiң рұқсат етілетін шектi нормативтерiн әзiрлеу және бекiту ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 50 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 24-құжат).
6. «Су объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесін және кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тізбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 105 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 58-құжат).
7. «Суды бақылау мен есепке алудың нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптарын әзiрлеу, келiсу әрi бекіту ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 141 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 6, 81-құжат).
8. «Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың басты және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы теңгерімдерін әзiрлеу әрi бекiту ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 159 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 7, 93-құжат).
9. «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат).
10. «Республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы cу объектiлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы № 634 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 24, 306-құжат).
11. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 сәуiрдегi № 470 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1432 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 663-құжат).
12. «Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1441 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 665-құжат).
Полная версия