Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі N 470 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.05.2015 жылғы № 4-1/502 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1) Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен тарату және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі;
2) Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу ережесi  бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiне жүктелсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 424 Қаулысымен. (02.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 390 Қаулысына сәйкес (08.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2013 жылы № 184 (28123) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 27 сәуірдегі
 N 470 қаулысымен
 бекiтiлген
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 424 Қаулысымен. (02.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын (бұдан әрі - Қор) құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу тәртібін, сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шартын белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
астық қолхаттарының тізілімі - астық қабылдау кәсіпорындарында міндетті түрде жүргізілетін және Қорға тапсырылатын астық қолхаттарын тіркеу құжаты;
қатысу шарты - Қор мен астық қабылдау кәсіпорны арасында жасалатын шарт, соның негізінде соңғысы астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысады;
қатысушы - астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, Қормен қатысу шартын жасасқан және қолданылатын астық қабылдау кәсіпорны;
уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.02.2012 № 213 Қаулысымен (18.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Қорды құру, олардың жұмыс істеу және таратылу тәртібі
3. Қор қызметінің негізгі мақсаты астық қолхаттары иелерінің мүдделерін астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындамауынан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi