1. Қоса беріліп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 08.02.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі N 470 қаулысы
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1) Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен тарату және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі;
2) Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ.Күрішбаевқа жүктелсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 424 Қаулысымен. (02.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 сәуірдегі N 470 қаулысымен бекiтiлген
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 424 Қаулысымен. (02.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын (бұдан әрі - Қор) құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу тәртібін, сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шартын белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
астық қолхаттарының тізілімі - астық қабылдау кәсіпорындарында міндетті түрде жүргізілетін және Қорға тапсырылатын астық қолхаттарын тіркеу құжаты;
қатысу шарты - Қор мен астық қабылдау кәсіпорны арасында жасалатын шарт, соның негізінде соңғысы астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысады;
қатысушы - астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, Қормен қатысу шарты жасалған және қолданылып жүрген астық қабылдау кәсіпорны;
уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2. Қорды құру, олардың жұмыс істеу және таратылу тәртібі
Полная версия