Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 17.05.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі N 470 қаулысы
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1) Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен тарату және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі; 
2) Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьep-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн.
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 27 сәуірдегі
 N 470 қаулысымен
 бекiтiлген
Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу ережесi
Осы Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу және астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн белгiлейдi.
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады: 
1) кепiлдiк жағдай - қатысушының астық сақтау қоймаларындағы (астық қабылдау пункттерiндегi, элеваторлардағы) астықтың жеткiлiктi көлемiнiң және (немесе) астықтың қажеттi сапада болмауымен көрiнетiн, уәкiлеттi органның аумақтық басқармасы растаған мiндеттемелердi орындамау фактiсi; 
2) кепiлдiк жағдай болған күнi - астық қолхатын ұстаушыға уәкiлеттi органның аумақтық басқармасының қатысушының мiндеттемелерiн орындамау фактiсiн растайтын құжатты берген күн; 
3) қатысу шарты - қор мен астық қабылдау кәсiпорны арасында жасалған шарт, соның негiзiнде соңғысы астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысады; 
4) квoтa - қайтару жөнiндегi жауапкершiлiкке қор кепiлдiк беретiн, қор белгiлеген әрбiр қатысушы бойынша астық лимитi; 
5) тараптардың терiс пиғылды әрекеттерi - астық қолхаттарын ұстаушылар мен қатысушылардың кепiлдiк жағдайдың туындауына немесе оның болуына ықпал етуге бағытталған, соның iшiнде өзара келiсу арқылы шындыққа сай емес ақпараттар берген қасақана заңсыз әрекеттер; 
Полная версия
ИС BestProfi