"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 424 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
1. «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 243-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Есімовке» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ. Күрішбаевқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен тарату және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алу және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеу ережесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 424 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын (бұдан әрі - Қор) құру, олардың жұмыс істеу мен таратылу тәртібін, сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шартын белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
астық қолхаттарының тізілімі - астық қабылдау кәсіпорындарында міндетті түрде жүргізілетін және Қорға тапсырылатын астық қолхаттарын тіркеу құжаты;
қатысу шарты - Қор мен астық қабылдау кәсіпорны арасында жасалатын шарт, соның негізінде соңғысы астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысады;
қатысушы - астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, Қормен қатысу шарты жасалған және қолданылып жүрген астық қабылдау кәсіпорны;
уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2. Қорды құру, олардың жұмыс істеу және таратылу тәртібі
Полная версия