Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - АІЖК) кейбір нормаларының өзгеруіне және оларды сот практикасында біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.12.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы N 2 нормативтік қаулысы
1. Заңдылық принципіне және әділеттілік пен парасат өлшемдеріне жауап беретін сот актісін (шешімді, ұйғарымды, қаулыларды, сот бұйрығын) шығару мақсатында әрбір азаматтық істі қарау кезінде материалдық және процессуалдық құқық нормаларын мүлтіксіз сақтаудың қажеттілігіне соттардың назары аударылсын.
2. АІЖК-нің 150-бабына сәйкес, талапкерлер талап арыздарында тек талаптарын көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге олардың құқықтарының, бостандықтарының немесе заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылуының немесе бұзылу қаупінің мәнін, өз талаптарын негіздеген мән-жайларды жан-жақтылы баяндауға, сондай-ақ осы мән-жайлар мен талаптарды растайтын дәлелдемелерді келтіруге міндетті.
Прокурордың мемлекеттің немесе қоғамның не азаматтың мүддесін көздеп қойған талаптары АІЖК-нің 150-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
АІЖК-нің 153, 154, 242, 243, 247, 249-баптарында көрсетілген талап арызды қабылдаудан бас тартудың не талап арызды талапкерге қайтарудың немесе қараусыз қалдырудың, ал қозғалған азаматтық іс бойынша өндірісті тоқтата тұрудың не қысқартудың негіздері түпкілікті болып табылады.
3. Сотқа берілген арыздар (шағымдар) үшін "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің (әрі қарай - Салық кодексі) 507-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасына және 496-бабына сәйкес мемлекеттік баж төленуі керек.
Мемлекеттік бажды талапкер үшін басқа адам төлеуі де мүмкін, бірақ төлем тапсырмасында (түбіртекте) осы төлемнің талапкер үшін төленгені көрсетілуге тиіс.
Заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер сотқа арыз берген кезде, Салық кодексінің 496-бабының бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Салық кодексінде жеке тұлғалар үшін көрсетілген ставкалар мөлшерінде мемлекеттік баж төлеуге тиіс.
4. Талапкер сотқа арыз берген кезде Салық кодексінде көзделген негіздер болған жағдайда мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Мемлекеттік органдар сотқа талап арыз түсіргенде және үшінші тұлғаның мүддесін қорғап, соттардың шешімдеріне шағымданғанда прокуратура органдарынан басқалары мемлекеттік бажды төлеуден босатылмайды.
Іс өндірісі кезінде АІЖК-нің 107-бабында қарастырылған жағдайларға сәйкес пайда болған сот шығындарын өтеуден тараптар мүліктік жағдайларына байланысты босатылуға жатпайды.
4-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 23.06.2006. № 5 нормативтік қаулысымен. (20.03.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүдделерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде қабылданған прокурорлық қадағалау актілерін ( ұсыныс, наразылық және т.б.) даулау туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздары АІЖК-нің 3 және 27-тарауларында қарастырылған нормалар бойынша соттардың қарауына жатады. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры шығарған прокурорлық қадағалау актілері АІЖК-нің 28-бабына сәйкес сотта даулануы мүмкін.
АІЖК-нің 159-бабының бірінші бөлігінің 5) тармақшасына және "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына және 24-бабының 5-тармағына сәйкес прокурордың наразылық актісінің күшін және орындалуын шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін тоқтата тұру туралы сот ұйғарым шығаруға құқылы.
6. АІЖК-нің 48-бабының екінші бөлігіне сәйкес, заңнамалық актілермен көзделген жағдайларда заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар да іс бойынша тараптар бола алады (мысалы, АІЖК-нің 272-бабына сәйкес - аумақтық сайлау комиссиясы).
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тиісті шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларды (компанияларды, фирмаларды, кәсіпорындарды және т.б.) шетелдік ұйымдар деп түсіну қажет. Қазақстан Республикасының аумағында оның заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік инвесторға толығымен тиесілі кәсіпорындар мен бірлескен кәсіпорындар шетелдік ұйымдар болып табылмайды.
7. АІЖК-нің 36-бабының екінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, істерді бір соттың өндірісінен екінші соттың өндірісіне беру заңды күшіне енген сот ұйғарымының негізінде жүргізіледі. Тараптардың осындай ұйғарымдарға жазған жеке шағымдарын апелляциялық алқа құрамында қаралады.
АІЖК-нің 36-бабының екінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер болған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысушы адамдарды істің қаралатын орны мен уақыты туралы хабардар етпестен, істі нақтылы бір соттың қарауына беру туралы жеке-дара ұйғарым шығарады.
Соттар арасында нақтылы істің соттылығы туралы дау туындаған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысушы адамдарды оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабардар етпестен және соттың істі басқа соттың өндірісіне жіберу туралы ұйғарымын бұзбай, істің нақтылы қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарым шығарады.
Полная версия

