Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015
Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1153 Қаулысы
Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2012 жылғы № 576 Қаулысына сәйкес (07.10.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2012 жылы № 477-482 (27555) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.05.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілері;
2) Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киімді киіп жүру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.05.2012 № 576 (07.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы 2011 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                              К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 7 қазандағы
 № 1153 қаулысымен
 бекітілген
Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілері
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 04.05.2012 № 576 (07.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жазғы арнаулы киім (1, 2, 3, 4, 7, 9-суреттер):
бейсболка немесе сұр (сұрғылт) түсті кепи;
сұр (сұрғылт) түсті қысқартылған күрте;
көгілдір немесе ақ түсті трикотаж футболка;
сұр (сұрғылт) түсті, бітімінің төменгі жағы тарылған шалбар;
классикалық модельдегі немесе қара түсті арнаулы аяқ киім.
Полная версия
ИС BestProfi