1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2009
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегi N 429 қаулысына және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 87 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1394 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.08.2009. № 1260 Қаулысымен (24.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз)
Редакция 24.12.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатында, жеке басын куәландыратын құжаттарда және басқа да ресми құжаттарда елдiң ағылшын тiлiндегi атауының бiрыңғай жазылуына қол жеткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаулысымен (02.11.2001 жылғы редакцияны қараңыз)(күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.12.2008 № 1235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
2) "Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамдардың куәлiгiнiң үлгiлерiн (сипаттамасын) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 87 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 16, 29-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң үлгiсiнде (сипаттамасы):
2-тармақтың а) тармақшасында "KAZAKSTAN" деген сөз "KAZAKHSTAN" деген сөзбен ауыстырылсын;
3 және 8-тармақтарда "Каzакstаn" деген сөз "Kazakhstan" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Елдің ағылшын тілінде жазылған бұрынғы атауы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары және азаматтығы жоқ адамдардың куәліктері, сонда көрсетілген мерзімі аяқталғанға дейін күшін сақтайды.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия