Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы N 1061 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2024 жылғы 29 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 25.01.2024 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.09.2022 жылғы № 760 Қаулысына сәйкес (02.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (28.09.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.09.2022 жылғы № 760 Қаулысына сәйкес (02.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының астанасында жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.09.2022 жылғы № 760 Қаулысына сәйкес (02.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) маршрут – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру процесінде айқындалған, белгіленген бастапқы, аралық және соңғы пункттер мен қозғалыс кестелерінің арасында жүретін жол;
3) маршруттың схемасы – аялдама пункттері, олардың арасындағы арақашықтық, сондай-ақ оларға тән бағдарлар (жол айрықтары, қиылыстар, теміржол өтпелері, көпірлер және тоннельдер) көрсетіле отырып, бағытты графикалық түрде шартты бейнелеу;
4) борт журналы – жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралының рейс алдында техникалық қарап-тексеруден әрі жүргізушінің рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап-тексеруден өткені туралы белгілер қойылатын, автокөлік құралында болатын нөмірленген және тігілген журнал;
7) жолаушыларды отырғызу және түсіру пункті (аялдама пункті) – осы Ереженің талаптарына сәйкес жайластырылған, жолаушыларды отырғызу және түсіру мақсатында автокөлік құралдарының аялдауына арналған орын;
8) багаж – Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде буып-түйілген және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкі;