Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі N 839 Жарлығы
Тақырып және мәтін өзгертілді ҚР Президентінің 23.07.2007 № 369 жарлығымен (23.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Жарлықтың атауы өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 29.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
1-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Президентінің 13.03.2012 № 284 Жарлығымен. (26.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2002 жылғы 2 сәуірдегі
 N 839 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тақырыбы және мәтіні өзгертілді ҚР Президентінің 23.07.2007 № 369 жарлығымен. (23.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Ереже атауында және және бүкіл мәтін бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «қарсы күресті», «қарсы күрес», «қарсы күрестің» деген сөздер тиісінше «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «қарсы іс-қимылды», «қарсы іс-қимыл», «қарсы іс-қимылдың» деген сөздермен ауыстырылды ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығы бойынша (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылығына қарсы іс-қимылды күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығымен (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Комиссия төрағадан, хатшыдан және осы Ережеге қосымшаға сәйкес Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Комиссияның хатшысы болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Президентінің 13.03.2012 № 284 Жарлығымен. (26.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 158 Жарлығымен (29.08.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 10.10.2016 жылғы № 357 Жарлығымен (09.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.04.2019 жылғы № 26 Жарлығымен (04.08.2018 жылғы редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығымен (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 20.02.2021 жылғы № 515 Жарлығымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.07.2022 жылғы № 952 Жарлығымен (20.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 26.11.2022 жылғы № 5 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қауісіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық және экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшілері, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, келісу бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кіреді.
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Президентінің 13.03.2012 № 284 Жарлығымен. (26.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
6. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдап, Мемлекет басшысына енгізу;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйіне, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтарына мониторинг жүргізу мен талдау жасау;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
3) жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жол берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығы туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды қарау және оларға тәртіптік жазалар қолдануға уәкілеттік берілген адамдарға қызметтік тексеру жүргізу туралы ұсынымдар дайындау.
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
1) орталық және жергілікті органдардан қылмыстық істерді және жедел-іздестіру материалдарын қоспағанда, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
2) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалардың немесе оларға теңестірілген тұлғалардың жазбаша түсініктемелерін тыңдауға және олардан ауызша түсініктемелер алуға;
3) құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға қызмет этикасын бұзу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы фактілері бойынша тексеру жүргізу және заңнамада көзделген басқа да шараларды қабылдау үшін материалдарды жолдауға;
4) өз отырыстарында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға;
5) тиісті органдар мен мемлекеттік ұйымдарға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындауды қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ Әдеп кодексін бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауаптылығы туралы, тіпті оларды атқаратын қызметінен босатуға шейін, ұсыныстар енгізуге;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығына сәйкес (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
6) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Президентінің 27.02.2003 № 1032 Жарлығымен; (24.09.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
7) Қазақстан Республикасының Президентіне қаралатын мәселелер бойынша тапсырмалар беру, Республика Президентінің тиісті актілерін шығару туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін, мемлекеттік органдардың басшыларын атқаратын қызметінен босатуға дейін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
7-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 27.02.2003 № 1032, 18.02.2011 № 1157 Жарлықтарымен. (24.09.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (20.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
8. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі, олар Комиссия төрағасының шешімі бойынша ашық немесе жабық болуы мүмкін.
9. Комиссияның отырыстары Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болғанда құқылы. Комиссия мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
10. Комиссия шешімдері отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
11. Комиссияның отырыстарына Комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ өзге де адамдар шақырылуы мүмкін.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-1. Комиссия отырысында тыңдалатын мемлекеттік органның қызметі саласында заңнаманың бұзылу фактілері келтірілген жағдайда, Комиссия мүшелері болып табылатын немесе Комиссия отырысында шақырылған, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары орын алған бұзушылық фактілері бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік органның ұстанымын білдіреді.
Аталған мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары осындай бұзушылық фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныстар айтуға құқылы.
Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 18.02.2011 № 1157 Жарлығымен.
1) Комиссия қызметіне басшылық жасайды; 
2) оның отырыстарында төрағалық етеді; 
3) Комиссия жұмысы туралы Республика Президентіне тұрақты   есеп береді; 
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік   қызметшілердің қызмет этикасы мәселелерін қарауға байланысты құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың алқа отырыстарына қатысуға хақылы.
13. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Комиссия мүшелерін Комиссия отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;
2) Комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;
3) Комиссия отырыстарының хаттамасын жүргізеді;
4) Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады әрі бақылау жасайды;
5) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де   функцияларды жүзеге асырады.
15. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Комиссияның   жүктелген міндеттерді орындауына жәрдемдесуге міндетті.
16. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
16-тармақ жаңа редакцияда ҚР Президентінің 24.09.2002 № 951, өзгертілді - 15.12.2004 № 1504, 30.11.2005 № 1679, 24.04.2008 № 576 Жарлықтарымен. (02.04.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.04.2019 жылғы № 26 Жарлығына сәйкес (04.08.2018 жылғы редакцияны қараңыз)
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеге
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Құрам алынып тасталды ҚР Президентінің 13.03.2012 № 284 Жарлығымен (26.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құрамның атауы өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 14.03.2017 жылғы № 446 Жарлығымен (10.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығымен (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығына сәйкес (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.07.2022 жылғы № 952 Жарлығымен (20.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 26.11.2022 жылғы № 5 Жарлығымен (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
Полная версия
ИС BestProfi