1. Қоса беріліп отырған Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2018
Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1249 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылдың 5 мамырынан бастап ҚР Үкіметінің 20.04.2018 жылғы № 208 Қаулысына сәйкес
Редакция 17.09.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-8-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 1249 қаулысымен бекітілген
Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы
Қағида жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 19.09.2012 № 1210 (17.09.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Кеден одағына мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу кезінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) декларация - импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация;
2) өтініш - тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
3) міндеттеме - қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме, уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттеме, уақытша әкелінген тауарлар, оның ішінде көлік құралдары туралы мәліметтер, тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге жататын қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсету және оларды нысаналы пайдалану туралы міндеттеме, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама, көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама бойынша есеп;
4) бірдей (ұқсас) тауарлар - өзіне тән мынадай бірдей негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары, сапасы және нарықтағы репутациясы, щығарылған елі және өндірушісі бар тауарлар;
5) біртекті тауарлар - бірдей (ұқсас) болмаса да жақын сипаттамалары бар, ұқсас құрамдастардан тұратын тауарлар бұл оларға бір ғана функцияларды атқаруға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік береді;
6) 7-хабарлама - Салық кодексінің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама.
3. Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлардың құнын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда салық қызметі органдары Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзетуге құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлардың құнын растайтын құжаттарға мынадай кезектіліктегі құжаттардың бірі жатады:
1) Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 276-20-бабының 3-тармағының 5) тармақшасында көрcетiлген шарттар (келiсiм, шарттар, келiсiмдер);
2) Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 276-20-бабының 3-тармағының 4) тармақшасында көрcетiлген шот-фактуралар;
3) Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 276-20-бабының 3-тармағының 3) тармақшасында көрcетiлген тауарға iлеспе құжаттары;
4) Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 276-20-бабының 3-тармағының үшiншi бөлiгінде көрcетiлген құжаттар;
4. Осы Қағиданың 3-тармағында көзделген жағдайда, Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын салық төлеуші салық салынатын импорттың мөлшерін дербес түзетуге құқылы.
Салық төлеуші Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (әкелінетін) тауарлардың құнын растау мақсаттары үшін ақпарат көзі ретінде осы Қағиданың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген баға туралы мәліметтерді пайдаланған кезде, салық органы баға туралы мұндай мәліметтерді салық төлеушінің жазбаша сұратуы бойынша он жұмыс күні ішінде береді.
Сұратылып отырған тауарлар бойынша баға туралы мәліметті салық органы сұратылып отырған тауарлар бойынша баға ақпаратының тізбесін қоса жазбаша түрде ұсынады.
Бұл ретте салық төлеушінің салық салынатын импорт мөлшерінің тиісті салық есептілігіне түзету енгізуіне:
1) тексерілетін салық кезеңі - салық тексеруін жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулер кезеңінде;
2) шағымдалатын салық кезеңі - салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша қалпына келтірілген шағым берудің қалпына келтірілген мерзімі ескеріле отырып, салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған салық қызметі органының шешіміне шағымды беру және қарау мерзім кезеңінде жол берілмейді.
5. Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету кезіндегі ақпарат көздері алдыңғы мәліметтер болмаған жағдайда мынадай кезектілікпен пайдаланылатын төменде аталған мәліметтер:
1) Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы заңнамасына сәйкес аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталары беретін тауарларға сараптама актісі (қорытынды) немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы беретін тауарлар бағасының есебі;
2) бұрын, бірақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін тоқсан күннен ерте емес алынған Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша салық есептілігін талдау жолымен алынған салық қызметі органдарында бар бірдей (ұқсас) тауарлардың (ал олар болмаған жағдайда - біртекті тауарлар) бағалары туралы мәліметтер.
Бұл ретте, осы тармақшада көрсетілген ақпарат болмаған жағдайда Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету кезінде бағалар туралы ақпарат көздері ретінде бірдей (ұқсас) немесе біртекті тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін алдыңғы күнтізбелік тоқсандар ішінде, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспайтын мерзімде қалыптасқан осындай тауарларға ақпарат пайдаланылады.
3) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздері болып табылады;
6. Егер осы Қағиданың 5-тармағымең 2) тармақшасында көрсетілген ақпарат қолданылған кезде бірдей (ұқсас) тауарлар, ал олар болмаған жағдайда - біртекті тауарлар бойынша мәміленің екі және одан көп бағасы анықталса, салық салынатын импорт мөлшерін айқындау үшін олардың ең төменгі бағасы қолданылады.
7. Өтініш пен декларацияны қарайтын салық қызметі органы салық салынатын импорт мөлшерін түзетуді салық заңнамасына сәйкес салық органдарына салық есептілігі табыс етілген күннен бастап жүзеге асырады.
8. Өтінішті және декларацияны, салық салынатын импорт мөлшерін түзету бөлігіндегі міндеттемені қарайтын салық қызметі органы табыс етілген құжаттарға толықтырулар мен түзетулер енгізуге құқығы жоқ.
9. Салық қызметі органдары декларацияны және өтінішті қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүргізген жағдайда салық төлеушіге 7-хабарлама жіберіледі.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде салық міндеттемесінің орындалуы бойынша салықтық бақылауды және салықтық әкімшілендірудің өзге де нысандарын салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Полная версия