«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 27.02.2014
Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 239 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 15 тамызда № 7133 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 24.05.2014 жылдан бастап ҚР Әділет министрінің 27.02.2014 жылғы № 85 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.09.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Әділет министрінің 28.09.2012 жылғы № 327 Бұйрығымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Әділет министрінің 28.09.2012 жылғы № 327 Бұйрығымен (27.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты лицензиялық, сублицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жарияланбаған туындылардың қолжазбаларын сақтау, қолжазбаларды сақтауға тапсыру туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (Л.С.Стамбекова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Ә.Т. Аманбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Р. Түсіпбеков
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 239 бұйрығына 1-қосымша
«Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Полная версия