Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.02.2015
Міндетті техникалық байқаудың өткені туралы куәлік бланкісінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 ақпанда № 6786 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 05.02.2015 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес
Редакция 01.04.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкісінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникация
 министрінің
 2011 жылғы 16 ақпандағы
 № 73 бұйрығымен
 бекітілген
Бланктің нысаны жаңа редакцияда ҚР Көлік және коммуникация министрінің 09.02.2012 № 68 (16.02.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(01.04.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік
        бланк 50x78 мм көлемінде тікбұрыш түрінде жасалады.
Бланктің I және III жолағының түс палитрасы көгілдір түсті, II жолағының түс палитрасы сары түсті болады.     
Полная версия
ИС BestProfi