"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 17.07.2015
"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ретінде белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік Қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4494 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 139 Қаулысына сәйкес
1. "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы, қаржы орталығы қатысушылары қаржы құралдарымен сауданы жүзеге асыратын, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ретінде белгіленсін.
2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан соң - Агенттік) Заң басқармасы осы бұйрықтың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуі бойынша шаралар жүргізсін.
3. Агенттіктің Даму Департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап он күн ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігіне, "Қазақстан қор биржасы" АҚ және "Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігіне хабарласын;
2) Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарында осы бұйрықтың жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күнінен он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
5. Осы бұйрықтың жүзеге асырылуын бақылауды өзіме жүктеймін.
Төраға м.а.
Полная версия