«Астана» халықаралық қаржы орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін Астана қаласына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 24 Жарлығын іске асыру және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ретінде белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 74 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 139 қаулысы
1. «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ретінде белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 74 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4494 тіркелген, 2007 жылғы 5 қаңтарда «Казахстанская правда» газетінде № 2 (25247) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) осы қаулы қабылданған күнінен бастап жеті күндік мерзімде:
1) осы қаулының көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберсін;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
3) Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, оны бір апта мерзімінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы1 қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
____________________________
1 «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы ретінде белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 74 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
Полная версия