Ұлттық экономиканы жаңғырту мақсатында және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1, 19-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 24 Жарлығы
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 25.12.2015 жылғы № 144 Жарлығына сәйкес (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 25.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
1. Астана қаласының аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - Орталық) құрылсын.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 25.12.2015 жылғы № 144 Жарлығымен (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп:
1) Орталықты 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында орналастыра отырып, оның 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
2) 2015 жылғы 1 маусымға дейін Орталықты құру және дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекітсін;
3) 2015 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына:
Орталықты құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, оның ішінде әлемнің жетекші қаржы орталықтары стандарттары негізінде, Орталықтың іс қағаздарында, оның ішінде сот ісін жүргізуде ағылшын тілін пайдалана отырып, ағылшын құқығының қағидаттары мен нормаларында Орталықтың қатысушылары арасындағы қатынастарды реттеуді көздейтін;
дауларды қарау кезінде, оның ішінде инвестициялық дауларды қарау құқығымен шетелдік судьяларды тарта отырып, Орталықта қаржы сотын құруды көздейтін;
Орталықтың қатысушылары үшін Орталық аумағында алынған кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын және дивидендтер түрінде алынған кірістер бойынша, сондай-ақ Орталықтың қатысушылары қызметкерлерінің кірістері бойынша төлем көзіне салынатын жеке табыс салығын төлеуден 10 жылға босатуды көздейтін;
Орталықтың қатысушылары-Қазақстан Республикасының резидент емес қызметкерлері үшін Орталық аумағында тауарларды сатып алған кезде қосылған құн салығын қайтару шарттарын айқындайтын;
тәуелсіз исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін жағдайлар жасауды көздейтін;
Орталық қатысушыларының шетелдік жұмыс күшін рұқсат алмай тарту мүмкіндігін көздейтін;
Орталықтың қатысушылары үшін өзге де жеңілдіктер мен артықшылықтар беру мүмкіндігін көздейтін;
Қазақстан Республикасының заңнамасын әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына сәйкес келтіруге бағытталған Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізсін;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 25.12.2015 жылғы № 144 Жарлығымен (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
5) Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Орталықты басқару жөніндегі кеңес құру бойынша ұсыныс енгізсін;
6) ұйымдарды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында іс жүзінде орналастыра отырып, оларды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталықтың қатысушылары ретінде тіркеу шараларын қабылдасын;
7) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жекелеген объектілерін Орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жалдау төлемақысынан 2 жылға дейінгі мерзімге босата отырып беру, сондай-ақ Орталықты және оның қатысушыларын орналастыру үшін кеңсе үй-жайларын дайындау жөнінде шаралар қабылдасын;
8) Қазақстан Республикасының ұйымдасқан нарығындағы инвесторлардың ауқымды аясы (отандық және халықаралық) үшін орналастырылған акцияларға кемінде 25% мөлшерде ІРО жүргізу үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының инвестициялық тұрғыдан барынша тартымды 5 компаниясын айқындасын;
9) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердің, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Малайзияның және Сингапур Республикасының азаматтары үшін 30 күнге дейінге мерзімге визасыз кіру режимін енгізсін, Орталық қатысушыларының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін 5 жылға дейінгі мерзімге арнайы визалық режимді белгілесін;
10) Орталықтың қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған акционерлік қоғамның «бір терезе» қағидаты бойынша жұмысын ұйымдастыру, Орталық қызметкерлеріне, Орталық қатысушыларының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне еңбек визаларын ресімдеу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
11) шетелдік тасымалдаушылар үшін «ашық аспан» қағидаты бойынша Астана әуежайына әуе тасымалдарының шарттарын кезең-кезеңімен ырықтандыру арқылы Астана қаласы мен жетекші халықаралық қаржы орталықтарының арасындағы тікелей әуе қатынасын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 25.12.2015 жылғы № 144 Жарлығымен (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) Орталықтың қызметін қамтамасыз ету үшін басшы лауазымдарға (халықаралық қаржы орталықтарын басқару, аудит жүргізу саласында және басқа салаларда) жоғары білікті шетелдік қызметкерлерді тарта отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өкілдіктері бар акционерлік қоғам құру жөнінде шаралар қабылдасын;
1-1) заңды тұлғаны - қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуді және Орталықтағы олармен байланысты қызметті жүзеге асыратын органды (Орталық комитетін) құру жөнінде шаралар қабылдасын;
5-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 25.12.2015 жылғы № 144 Жарлығына сәйкес
2) 2020 жылға дейін Орталықтың 10 ең үздік Азия қаржы орталықтарының және Global Financial Centres Index нұсқасы бойынша әлемнің 30 жетекші қаржы орталықтарының қатарына кіруіне бағытталған шаралар қабылдасын;
3) жетекші халықаралық қаржы орталықтарымен стратегиялық әріптестік туралы келісімдер жасасу жөнінде шаралар қабылдасын;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры басқарушыларын Орталықтың аумағында орналастыру үшін шаралар қабылдасын;
5) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымымен бірлесіп, Орталық үшін мамандандырылған білім беру бағдарламаларының кешенін әзірлеу бойынша шаралар қабылдау;
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 25.12.2015 жылғы № 144 Жарлығымен (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 25.12.2015 жылғы № 144 Жарлығымен (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 25.12.2015 жылғы № 144 Жарлығымен (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
9) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Орталықтың қызметін қамтамасыз ету үшін құрылатын акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркегеннен кейін, заңнамада белгіленген тәртіппен 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін осы акционерлік қоғамның акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беру жөнінде шаралар қабылдасын.
Осы Жарлық 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 25.12.2015 жылғы № 144 Жарлығына сәйкес
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Президенті Н.Назарбаев
Полная версия