Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Президентi туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық заңы
Тақырып өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы № 378  Конституциялық заңымен(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы №  378 Конституциялық заңымен(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң мәртебесi
1. Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.
3. Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
4. Республика Президентiне халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi.
5. Республика Президентiне, оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды. Республика Президентiнiң абыройы мен қадір-қасиетiне нұқсан келтiру заң бойынша қудаланады.
Республика Президентiн сайлау конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3-бап. Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi
3-бап  өзгертілді ҚР 03.02.2011 жылғы   №  404-IV  Конституциялық заңымен (  14.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Республика Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.
2. Ант беру қаңтардың екінші сәрсенбісінде өткізіледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы  № 378  Конституциялық заңымен(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 
2-тармақ  өзгертілді ҚР 03.02.2011 жылғы № 404-IV  Конституциялық заңымен (14.06.2010 ж. редакцияны қараңыз) (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Президент кезектен тыс сайлауда сайланған жағдайда не Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Президент өкілеттігін қабылдағанда, ант беру президенттік сайлау қорытындысы жарияланған не Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі. Бұл жағдайларда ант беру күнін Республиканың Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
Ант беру салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Сот судьяларының, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық экс-Президенттерінің қатысуымен өткізіледі.
3. Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi. Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалады. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және "Алтын қыран" орденiн тапсырады.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi