Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015
Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысымен бекітілген
Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Коммуналдық қалдықтарға елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болған тұтынудың қатты қалдықтары, сондай-ақ құрамы және пайда болу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары жатады.
2. Елді мекендер үшін коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормаларын бекітуді жергілікті өкілді органдар бес жылда кемінде бір рет не жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша, бірақ екі жылда бір реттен жиі емес жүргізеді.
2. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары есептеу тәртібі
3. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.
4. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.
5. Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреттері шегінде коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеуді қамтамасыз етеді.
6. Заттай өлшеу жүргізу үшін жайлылық деңгейі әртүрлі екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:
1) су құбыры, кәріз, газбен жабдықтау, орталықтан жылыту, қоқыс құбыры бар жайлы тұрғын үй;
2) пешпен жылытылатын, су құбыры мен кәрізі жоқ жайлы емес тұрғын үй.
7. Тұрғындар тарапынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын анықтау үшін тұрғылықты халықтың мынадай саны бар учаскелер бөліп алынады:
халқының саны 300 мың адамға дейінгі қалаларда учаскелер жайлылықтың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын;
Полная версия