Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 480 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 18 сәуірдегі
 № 480 қаулысымен
 бекітілген
Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1. Осы Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiне сәйкес әзірленген, Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді (бұдан әрі – ФЭЗ) ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.
Қағидалар әрекетінің аумақтық шекаралары Каспий теңізінің қазақстандық секторының (су бетiнiң айнасы) барлық акваториясына қолданылады. Қағидалардың қолданылу аймағына Каспий теңізінің қазақстандық секторына құятын өзендердің сағалық учаскелері, мүйістер, шығанақтар мен теңіз портының акваториясы қамтылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бентос – тіршілігінің барлық немесе көп бөлігін мұхит және континеттік су айдындарының түбінде, оның топырағында және топырақта қозғалып және отырып та өмір сүретін ағзалардың жиынтығы;
2) зоопланктон – планктонның жануар түріндегі нысаны;
3) су түбінің шөгінділері – тұрақты, қозғалатын су объектісінің түбінде жүзінділерден бөліну нәтижесінде тұндырылған қатты материал;
4) теңіз ортасының компоненттері – атмосфералық ауа, теңіз суы, су түбі шөгінділері, теңіз флорасы мен фаунасы;
5) теңіз ортасы – қоршаған ортаның физикалық, геологиялық, химиялық және биологиялық факторларының теңіз акваториясының үстінде су қабатымен және әуе кеңістігімен шектелген байланысы;
6) фитопланктон – теңіз және тұщы су айдындарының су қабатында орналасатын және ағынмен пассивті орын ауыстыратын өсімдік ағзаларының жиынтығы;
7) сапробтық деңгей – су айдындарының органикалық заттармен ластану дәрежесінің сипаттамасы, онда тіршілік ететін сапробионтты ағзалардың түрлік құрамымен анықталады;
8) сапробионтты ағзалар – су құрамында аздаған еріген оттегі бар органикалық заттармен қатты ластанған су айдындарында тіршілік ететін су ағзалары;
Полная версия
ИС BestProfi