Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.12.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер бойынша сот практикасы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2002 жылғы 28 маусым N 13.
Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы азаматтық істерді қарау кезінде заңнаманың дұрыс әрі біркелкі сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
1. Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер басқа тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін заң бойынша сотқа жүгінуге құқығы бар азаматтардың, ұйымдардың, сондай-ақ өзге де адамдардың арыздары бойынша қозғалатынына (АІЖК-нің  56, 63-баптарының талаптарына сай) және факт туралы даудың болу ықтималдығымен, бірақ құқық туралы даудың сөзсіз болмайтындығымен сипатталатынына соттардың назары аударылсын. Егер арызданушы заңдық маңызы бар бірнеше фактілерді анықтау туралы арыз берсе, онда соттар осы талаптарды бір өндірісте қарауға құқылы. 
2. Соттар заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы арыздарды егер: 
- мұндай фактілер заңға сәйкес (АІЖК-нің  291-бабының 1-тармағы) заңдық маңызы бар жағдайларды тудырса (азаматтар мен ұйымдардың жеке немесе мүліктік құқықтарының пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы); 
- фактіні куәландыратын тиісті құжаттарды алуға немесе оларды қалпына келтіретін арызданушының басқа мүмкіндігі болмаса (АІЖК-нің  292-бабы); 
- қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) мүмкіндігі көзделмесе (АІЖК-нің  292-бабы); 
- фактіні анықтау соттың ведомстволығына жататын құқық туралы дауды кейін шешуге байланысты болмаса, қабылдап, ондай істерді ерекше өндіріс тәртібімен қарай алады (АІЖК-нің  290-бабының 2-тармағы). 
3. Арызды қабылдау кезінде сот арызданушыдан ол фактіні анықтаудың оның қандай заңдылық мүддесін қорғайтындығын айқындап, арызданушыдан фактіні куәландыратын тиісті құжатты алудың немесе оны қалпына келтірудің мүмкін еместігін растайтын жазбаша дәлелдемелерді талап етуі қажет. 
Құжатты алу мүмкіндігінің жоқтығы деп белгілі бір фактіні тіркеу ережелерінің талабын (мысалы, асырауда болуды) не фактіні тіркеу тәртібінің сақталмауын немесе сол сәтте ондай шараға бара алмаушылықты, жүгінуге жағдайы болмауын түсіну қажет (мысалы, өлім фактісі, баланың ата-анасы бала туғаннан кейін некені тіркетпеген, баланың туғаны туралы жазбаға уақытында түзету енгізбеген және әкенің қайтыс болуына байланысты мұны жасау мүмкін болмаған жағдайларда әкелікті тану фактісі). Құжатты алуға мүмкіншілік жоқ деп, сондай-ақ фактіні растайтын құжаттар болғанмен, алайда сол құжатта дәлелдемелік маңызынан айыратын, түзетілуі мүмкін емес (мысалы, қайғылы жағдай туралы акт) қателіктер мен фактіні тура дәлелдейтін негіздемелер болмаса, ол құжаттар дәлел болу маңыздылығын жоғалтып, оны түзетуге жағдайлар болмауын түсіну қажет. 
Құжаттың жоғалып немесе жойылып кетуіне байланысты тиісті органның оның көшірмесін беру мүмкіндігінің болмауын жоғалған құжатты қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ деп түсіну қажет. 
Егер қолданыстағы заңнамамен оларды анықтаудың өзге (соттан тыс) тәртібі көзделсе, онда сот АІЖК-нің  153-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес арызды қабылдаудан бас тартуға тиіс. 
Арыз қателікпен қабылданып, ол бойынша іс қозғалған жағдайда, онда ол АІЖК-нің  247-бабының 1) тармақшасының негізінде қысқартылуға жатады. 
Заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арызды қабылдау кезінде судья АІЖК-нің  155-бабына сәйкес құқық туралы дау бар екенін анықтаса, арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарымда арызданушының мәлімделген талабы талап қою өндірісін жүргізу тәртібімен қарауға жататынын атап көрсетіп, оған АІЖК-нің 150, 151-баптарының талаптарымен белгіленген мерзімде талап арыз түсіруді ұсынады. Ұйғарымда көрсетілген нұсқаулар орындалмаған жағдайда арыз берілмеді деп есептеліп, арызға тіркелген барлық құжаттар сол арызбен бірге талапкерге қайтарылады. 
Егер істі қарау кезінде сотқа ведомстволық қатысты құқық туралы дау пайда болса, онда ол істі талап қою ісін жүргізу тәртібімен қарау туралы сот ұйғарым шығарып, арызданушы мен басқа да мүдделі адамдарға АІЖК-нің  150, 151-баптарының талаптарын белгіленген мерзімде орындаудың қажеттігін түсіндіруге міндетті. Соттың ұйғарымы орындалмаған жағдайда, АІЖК-нің  290-бабының 3-бөлігіне сәйкес арыз қараусыз қалдырылады, ал мүдделі адамдарға олардың жалпы негіздерде талап қою құқығы түсіндіріледі. 
4. Туыстық қатынастар фактісін (АІЖК-нің  291-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасы) айқындау азамат үшін тікелей заңдылық жағдайларды тудырса, мысалы, ондай фактіні анықтау арызданушыға мұраға құқық туралы куәлікті алуға немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға құқысын ресімдеу үшін қажет болған жағдайларда ғана сот тәртібімен анықталады. 
Туыстық қатынастар фактісін анықтау туралы іс бойынша шешімде сот арызданушының тиісті адаммен туыстық қатынасы қандай дәрежеде екендігін көрсетуге тиіс. 
Арызданушының сотқа жүгінуі азаматтық хал актілеріндегі жазбалардағы қателіктердің болуына байланысты туындаса, туыстық қатынастар фактісі сот арқылы анықталмайды. Мұндай арыздарды сот АІЖК-нің  37-бабында белгіленген тәртіппен қарайды. 
Полная версия
ИС BestProfi