Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.06.2015
Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 1577 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 25 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 17.06.2015 жылғы № 443 Қаулысына сәйкес
«Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 27.03.2015 жылғы № 173 Бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 58-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 22 желтоқсандағы
 № 1577 қаулысымен
 бекітілген
Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары
1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 58-бабына сәйкес әзірленген.
Осы Қағидалар меншік нысаны мен ведомстволық тиесілігіне қарамастан, денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ішкі және сыртқы сараптама болып бөлінеді.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) медициналық қызметтер көрсету сапасын бағалау индикаторлары – медициналық қызметтер көрсету тиімділігін, толықтығын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігінің көрсеткіштері, олар мыналарды қамтиды:
құрылым индикаторлары – кадр, қаржы және техникалық ресурстармен қамтамасыз ету көрсеткіштері;
үдеріс индикаторлары – профилактика, диагностика, емдеу және оңалту технологияларының орындалуын бағалау көрсеткіштері;
нәтиже индикаторлары – денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмек көрсетуі немесе көрсетпеуі нәтижесіндегі денсаулық үшін салдарды бағалау көрсеткіштері;
2) ішкі индикаторлар – денсаулық сақтау субъектілерінің әрбір құрылымдық бөлімшелерінің медициналық қызметтер көрсету тиімділігін, толықтығын және медициналық қызметтің сапасын бағалау мен сараптауды жүргізу мақсатында оның денсаулық сақтау саласы стандарттарына сәйкестігін сипаттайтын ішкі сараптамада қолданылатын көрсеткіштер;
3) сыртқы индикаторлар – денсаулық сақтау субъектілерінің әрбір құрылымдық бөлімшелерінің медициналық қызмет көрсету тиімділігін, толықтығын және медициналық қызметтің сапасын бағалау мен сараптауды жүргізу мақсатында оның денсаулық сақтау саласы стандарттарына сәйкестігін сипаттайтын сыртқы сараптамада қолданылатын көрсеткіштер;
4) ауруханаішілік комиссиялар – стационарлық көмек көрсету ұйымдарында құрылатын комиссиялар (ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы бойынша, өлім-жітім жағдайларын қарау бойынша);
5) ішкі бақылау қызметі (аудит) – денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде медициналық көмек сапасын басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын және тиісті өкілеттіктері бар медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
Полная версия
ИС BestProfi