Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 678 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 16.10.2015 жылғы № 994 Бұйрығын қараңыз
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 678 қаулысымен
бекітілді
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы
1. Осы Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 10) тармақшасына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 8-қосымшаға сәйкес әзірленді.
2. Қағида сертификаттау және үлгі сертификатын беру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) үлгі сертификатын ұстаушы - азаматтық авиация саласындағы  уәкілетті органнан әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алған өтініш беруші (әзірлеуші);
2) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
3) дайындаушы - әуе кемесін шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
4) өтінім - өтініш берушінің әуе кемесінің үлгісіне үлгі сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініш;
5) өтініш беруші - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініш;
6) зауыттық сынақ - әуе кемесінің үлгісін, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын сертификаттық базис талаптарына сәйкестікке дейін келтіру;
7) әзірлеуші - әуе кемесін жасауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) үлгі сертификаты - азаматтық әуе кемесінің үлгісі конструкциясының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
Полная версия
ИС BestProfi