1. Қоса берiлiп отырған Өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар құру тұжырымдамасы мақұлдансын (бұдан әрi - Тұжырымдама).
Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2010
Өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар құру тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 483 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (29.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 29.12.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Қаржы министрлiктерi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, "Қазына орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы Тұжырымдаманы iске асыру жөніндегі қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 мамырдағы N 483 қаулысымен мақұлданған
Өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар құру тұжырымдамасы
Астана қаласы - 2006 жыл
1. Кiрiспе
Осы Өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар (бұдан әрi - ӘКК) құру тұжырымдамасының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желiлiк кестесiне сәйкес дайындалды.
ӘКК-нi құру идеясы өңiрлiк дамуға назар аудара отырып, Қазақстанда қалыптасқан жағдайларға барынша бейiмделген шикiзат емес секторларды дамытудың жаңа құралдарын iздеу нәтижесiнде пайда болды.
Халықаралық тәжiрибеде кәсiпкерлiк корпорациялар қызметiнiң әр түрлi нысандары мен бағыттары кездеседi, сондықтан ұйымдастырушылық нысандар, бағыттар мен әдiстемелердiң аясында ӘКК-нiң бiрыңғай анықтамасы жоқ.
Алайда, ӘКК-нiң қызметiн зерделеушi сарапшылар мынадай жалпылама анықтама бередi.
Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар - бұл тауарлар мен қызметтердi өндiру және сату жолымен пайда алу мақсатында өз қызметiн жүзеге асыратын экономикалық орнықты бизнес-құрылымдар. Бұл ретте алынған пайданың бiр бөлiгi мүддесi үшiн ӘКК құрылған өңiр халқының әлеуметтiк, экономикалық немесе мәдени мақсаттарын iске асыру үшiн қайта инвестицияланады.
ӘКК құру кластерлiк даму тетiктерiн енгiзу, өзiн-өзi ұйымдастыру және iшкi ресурстарды жұмылдыру жолымен өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруға ықпал ететiн болады.
Мемлекет қатысатын орнықты бизнес-құрылымдарды бiрiктiру бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастырудың катализаторлары ретiнде әрекет етуге қабiлеттi өңiрдiң экономикалық белсендiлiгiн шоғырландыратын iрi өңiрлiк орталықтарды құруға мүмкiндiк бередi.
2. ӘКК-ге ұқсас бизнес-құрылымдарды құру мен оларды жұмыс iстеуiнiң халықаралық тәжiрибесiн талдау және Қазақстанда оларды құруға арналған алғышарттар
Полная версия