1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесі бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 06.06.2012
Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 793 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5950 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.06.2012 жылғы № 394 Бұйрығына сәйкес
Редакция 06.01.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 49 және 50-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Б. Садықов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы N 793 бұйрығымен бекітілген
Санитариялық авиация нысанында жедел медициналық көмек және медициналық көмек көрсету ережелері
Ереже жаңа редакцияда ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 06.01.2011 № 18 (26.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Санитариялық авиация нысанында жедел медициналық көмек және медициналық көмек көрсетудің осы Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасында көрсетілген медициналық көмектің түрлерін көрсетудің тәртібін анықтайды.
2. Жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянды алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жағдайлар туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.
3. Санитариялық авиация (бұдан әрі - санавиация) – пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу немесе науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
4. ЖМК көрсетілетін патологиялық жағдайлар:
уақтылы медициналық жәрдем көрсетілмеген жағдайда өлімге алып келуі мүмкін, өмірге тікелей қауіпі бар;
өмірге тікелей қаупі жоқ, бірақ патологиялық жағдайға байланысты қауіпті кезең кез келген уақытта басталуы мүмкін;
өмірге қаупі жоқ, бірақ емдеу консультациясы және түзетуі қажет;
науқас өміріне қауіпті емес жағдайда, бірақ өзіне және маңындағыларға;
Полная версия