Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2022
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 535 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.07.2022 жылғы № 512 Қаулысына сәйкес
Редакция 21.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі бекітілсін.
2. "Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген зиянды экономикалық бағалауды белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 486 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 20, 199-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 535 қаулысымен бекітілген
Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі
1. Осы Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау тәртібін айқындайды.
2. Қоршаған ортаға келтірілген зиянды экономикалық бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы лауазымды тұлғалар мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру барысында экологиялық заңнаманы бұзушылықтарды анықтаған кезде белгілейді.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күнінен бастап бір ай мерзімде қажетті материалдарды жинауды әрі талдауды жүргізеді және қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалауды айқындайды.
4. Залалды экономикалық бағалау қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жолымен келтірілген залалды толық жою мүмкіндігіне қарай тікелей немесе жанама әдістермен жүзеге асырылады.
5. Залалды экономикалық бағалаудың тікелей әдісі Экологиялық кодекстің 109-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 110-бабына сәйкес залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі атмосфералық ауаның, су ресурстарының ластануы, жер қойнауының заңсыз пайдаланылуы, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды белгіленген нормативтерден тыс орналастыру және табиғи ресурстарды нормативтерден тыс алып қою жағдайлары үшін қолданылады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.04.2015 жылғы № 252 Қаулысымен (26.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.05.2015 жылы № 83 (28561) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға нақты әсер мен ластаушы заттардың барлық түрлері бойынша белгіленген нормативтер арасындағы айырмаға, сондай-ақ айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне, экологиялық қауіптілік пен экологиялық тәуекел деңгейлеріне негізделеді.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2010 жылғы № 24 Қаулысымен (27.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.06.2010 жылы № 228-230 (26076) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8. Эмиссиялардың нақты көлемінің белгіленген нормативтерден асып түсуі құралмен өлшеу жолымен не заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесіне сәйкес есептеу жолымен айқындалады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2010 жылғы № 24 Қаулысымен (27.06.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.06.2010 жылы № 228-230 (26076) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.06.2016 жылғы № 367 Қаулысына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.06.2016 жылы № 121 (28849) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ластаушы заттың нақты массасын шартты тоннаға ауыстыру оның тоннадағы массасын заттың 1/ШЖБК мәніне тең қауіптілік коэффициентіне (Аi) көбейту жолымен жүзеге асырылады.
9. Экологиялық заңнаманың бұзылуынан туындаған экологиялық қауіптілік, сондай-ақ экологиялық қатер деңгейін осы Ережеге 1,
2-қосымшаларда келтірілген өлшемдердің негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары анықтайды.
Полная версия