Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2021
Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 16 мамырда № 7664 тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.03.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.06.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қолданыстағы оң қорытындысы бар жол берілетін шекті шығарындылар, төгінділер нормативтерінің жобалары және қалдықтардың орналасуы жобалары қорытындысының күші жойылғанға дейін жарамды.
3. «Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 158 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4726 тіркелген, «Заң газеті» 2007 ж. 10 тамыз № 122 (1151), «Ресми газет» 2007 ж. 13 қазан № 41 (354) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 110-ө бұйрығына қосымша
Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі
Әдістеме өзгертілді ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 11.12.2013 жылғы № 379-ө Бұйрығымен (16.04.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
1. Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына және 28-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері әдістеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Есептеу жолымен әртүрлі орталарға эмиссиялар нормативтері, соның ішінде атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттардың шекті жол берілген шығарындыларының, су объектілеріне, жергілікті жер бедеріне, сүзгілеу алаңдарына, сарқынды сулар жинақтауыштарына ластаушы заттардың төгінділерінің нормативтері, өндіріс және тұтыныс қалдықтарын орналастыру нормативтері айқындалады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.06.2016 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (08.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
3. Эмиссиялар нормативтерінің шамалары шаруашылық және басқа әрекеттердің қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына тигізетін кері әсерлерін азайту мақсатында техникалық шараларды өткізу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Эмиссиялардың әрбір станционарлық көзі үшін және кәсіпорынды толық алғанда есептемелердің негізінде шекті жол берілген шығарындылары мен төгінділерінің нормативтері, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын орналастыру және тұтыну нормативтері қоршаған ортаның сапасы нормативтеріне жету мақсатында санитариялық қорғаныш аймағы және жақын орналасқан селитебтік аумақтар шекарасында белгіленеді.
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.06.2016 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (08.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Қоршаған ортаның сапасы нормативтеріне жетуді қамтамасыз ету мақсатында ластаушы заттардың эмиссиялары деңгейін төмендету бойынша техникалық шараларды жүзеге асыруды аяқтауға дейінгі мерзімге эмиссиялардың нормативтік көлемдері - лимиттері есептеумен кезең-кезеңмен белгіленеді.
1. Атмосфераға стационарлық көздерден ластаушы заттар шығарындыларының нормативтерін есептеу
4. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері (рұқсат етілген шекті шығарынды - РЕШШ) өнеркәсіп кәсіпорындарының даму болашағын және атмосферада зиянды заттардың сейілуін ескере отырып, осы көзден және қаланың немесе басқа елді мекеннің көздерінің жиынтығынан жер бетіндегі шоғырлану елді мекендердің және санитарлық қорғаныш аймақтарының рұқсат етілген шекті шоғырлануларынан аспайтындай етіп әрбір нақты атмосфераны ластау көзі үшін анықталады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 08.06.2016 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (11.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Жалпы кәсіпорын үшін шығарындылар нормативтері осы кәсіпорынның қолданыстағы, жобаланатын және қайта жаңартылатын ластаушы көздері үшін шығарындылар нормативтері мәндерінің жиынтығы бойынша белгіленеді. Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу кезінде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтері (г/с, т/жыл), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9915 болып тіркелген) бекітілген, Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген көлемдері негізінде анықталады.
4-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.06.2016 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (08.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.08.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде
Технологиялық үдерістің құрамдас бөлігі болып табылатын дүркінді шығарындылар үшін бір реттік және жылына қосындылық шама (г/с, т/жыл) бағаланады. Ең жоғарғы бір реттік дүркінді шығарындылар (г/с) өздерінің қызқа мерзімділігіне байланысты нормаланбайды және атмосферада зиянды заттарды таралуын есептегенде есепке алынбайды. Дүркінді шығарындылардың жыл бойына қосынды шамасы жабдық жұмысының штаттық режимін есепке ала отырып, жалпы жылдық шығарындыны белгілеген кезде нормаланады (т/жыл).
Ықтимал болатын апаттық жағдайлармен байланысты апаттық шығарындылар нормаланбайды. Кәсіпорында экологиялық төлемдерді есептеу үшін өткен жылға іс жүзіндегі апаттық шығарындылардың есебі ұйымдастырылады.
Полная версия