Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 24 Қаулысы       
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.07.2022 жылғы № 512 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 535 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 242-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды экономикалық бағалау ережесінде:
«7. Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға нақты әсер мен ластаушы заттардың барлық түрлері бойынша белгіленген нормативтер арасындағы айырмаға, сондай-ақ айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне, экологиялық қауіптілік пен экологиялық тәуекел деңгейлеріне негізделеді.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ластаушы заттың нақты массасын шартты тоннаға ауыстыру оның тоннадағы массасын заттың 1/ШЖБК мәніне тең қауіптілік коэффициентіне (Аі ) көбейту жолымен жүзеге асырылады.»;
14-тармақтағы «не өз бетімен қалдықтарды орналастырудың» деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақтың бірінші абзацындағы «мөлшерінде айқындалады» деген сөздердің алдынан «он еселенген» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-тармақпен толықтырылсын:
«20. Зымыран дайындау және «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде авариялар туындаған жағдайда қоршаған ортаның ластануынан келтірілген залалды экономикалық бағалау осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес айқындалады»;
Ережеге 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жетінші абзацтағы «, бірақ 90 күннен аспайтын» деген сөздер алынып тасталсын;
сегізінші абзацтағы «ағымдағы жылға арнап жергілікті өкілді органдар бекіткен» деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақтың екінші абзацында 13-формуладағы «Стөг » деген сөздер «30 АЕК» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «Стөг - ағымдағы жылға жергілікті өкілді органдар бекіткен ластаушы заттардың 1 шартты тоннасының төгіндісіне төлем ставкасы, теңге/шартты тонна» деген сөздер «АЕК - тиісті қаржы жылына арналған заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.
Полная версия
ИС BestProfi