«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015
Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1364 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 680 Қаулысына сәйкес «Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2015 жылғы № 4-2/60 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.04.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 1364 қаулысымен бекітілген
Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және заңды тұлғаларды тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына тұқымдардың сорттық және егу сапасының сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына аттестаттау тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1505 (21.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылды:
1) аттестаттау – заңды тұлғаның тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана мәртебесiне сәйкестiгiн анықтау (растау);
2) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалардың қызметiн тануын растайтын, өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген құжат;
3) тұқымдардың егу сапалары – тұқымдардың егу (отырғызу) үшiн жарамдылық дәрежесін сипаттайтын олардың сапа көрсеткiштерiнiң жиынтығы;
4) тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана – тұқымдардың сорттық және егу сапасының тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне зерттеулер жүргізу құқығына белгіленген тәртіппен аттестатталған заңды тұлға;
5) тұқымдардың сорттық сапалары – тұқымдардың ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң белгiлi бiр сортына жататындығын сипаттайтын белгiлер жиынтығы.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2012 № 1505 Қаулысымен (21.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Заңды тұлғаға тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі аттестатталған зертхана мәртебесiн беру тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар, сондай-ақ (бар болса) оның құрамына кiретiн құрылымдық бөлiмшелерді (бұдан әрі – құрылымдық бөлiмше) тексеру негiзiнде уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау құзыретін өзінің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiне (бұдан әрi – Комитет) бере алады.
4. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау меншiк нысанына қарамастан, тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі барлық зертханалар үшін міндетті болып табылады.
Полная версия