Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 08.07.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы N 1087 Қаулысы
"2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 352 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 31 қазандағы
 N 1087 қаулысымен
 бекiтілген
Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Ғарыш жөнiндегi кеңес туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Ғарыш жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының ұлттық және ақпараттық қауiпсiздiгiн, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуын нығайту үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар iрi ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға бағытталған ұсыныстарды әзiрлеуге жауапты консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Ғылым туралы " Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады. қараңыз.
3. Кеңестің негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 
Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту үшiн ғылым, бiлiм, өндiрiс пен қаржы-кредит салаларын ықпалдастыруды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
экологиялық қауiпсiздiк, табиғи апаттар туралы лер мен қысылтаяң жағдайларда құтқару проблемаларын шешу үшiн ғарыш құралдарын пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
ғарыш қызметiн дамыту үшiн мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
Полная версия
ИС BestProfi