1. «Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 тіркелген, 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 7 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік актілер жинағында» жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
"Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 881 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылы 3 желтоқсанда № 6659 тіркелді
Халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Г. Төлеғалиева) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) оны мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 881 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына 1-қосымша
Туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шектеулі көлемдері
№ | Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы | Стационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны |
1. | Ақмола | 119 432 |
2. | Ақтөбе | 90 112 |
3. | Алматы | 195 395 |
4. | Атырау | 62 660 |
5. | Шығыс Қазақстан | 224 248 |
6. | Жамбыл | 154 666 |
7. | Батыс Қазақстан | 89 850 |
8. | Қарағанды | 185 102 |
9. | Қызылорда | 111 094 |
10. | Қостанай | 129 906 |
11. | Маңғыстау | 65 140 |
12. | Павлодар | 115 203 |
13. | Солтүстік Қазақстан | 108 301 |
14. | Оңтүстік Қазақстан | 341 039 |
15. | Астана қаласы | 95 674 |
16. | Алматы қаласы | 184 707 |
БАРЛЫҒЫ: | 2 272 529 |
Полная версия