Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 175 Қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.05.2012 жылғы № 668 Қаулысына сәйкес (20.02.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 567 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.05.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 24.05.2012 № 668 (20.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 20 ақпандағы
 N 175 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азық қоспаларын байқаудан өткізу – азық қоспаларының биологиялық қасиеттерін, оларды ветеринариялық практикада пайдалану тиімділігін, олардың әсер ету салдарларының болмауын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздігін анықтау мақсатында зертханалық немесе өндірістік жағдайда өткізілетін сынақтар;
2) азық қоспаларының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ветеринария саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі- уәкілетті орган) шығаратын, мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндіруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етілген азық қоспалары туралы мәліметтері бар тізбе;
3) азық қоспаларын мемлекеттік тіркеу – уәкілетті органның азық қоспалары сараптамасының, оларды байқаудан өткізудің және тіркеу сынақтарының нәтижелері бойынша оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тізілімге енгізуі және оларға белгіленген нысандағы тіркеу куәліктерін беруі;
4) азық қоспаларын тіркеу сынақтары – азық қоспаларының Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн айқындау үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қолданылатын әдiстер, әдiстемелер кешенi;
5) азық қоспалары – адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарлар рационында жетіспейтін қоректік және минералдық заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органика, минерал және (немесе) синтетика текті заттар;
6) жетілдірілген азық қоспалары – тиісті тіркеу сынақтарынан кейін оларды дайындау, оларды өндіру технологиясындағы олардың қасиеттеріне әсер етуге қабілетті құрамдастарының, сондай-ақ оларды пайдаланудың (қолданудың, сақтаудың) басқа да тәсілдерінің немесе пайдалануға берілген көрсеткіштерінің өзгерістерімен тізілімге енгізілген азық қоспалары;
7) тіркеу куәлігі – азық қоспаларына оның мемлекеттік тіркелуін растау және тізілімге енгізу мақсатында уәкілетті орган беретін құжат;
8) өтініш беруші (өндіруші) – азық қоспаларын мемлекеттік тіркеуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға.
3. Қағидалар азық қоспаларын өндіретін (дайындайтын) және әкелетін (импорттайтын) барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Полная версия
ИС BestProfi