Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.04.2007
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 21 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 667
Қолданыстағы заңнамамен сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналардың күшін жойды деп танылсын: 1)"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері" ҚР Әдiлет министрiнiң 1999 жылғы 15 қаңтардағы № 3 бұйрығы
 2).......(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 667 болып тіркелген)
: Мәтіндегі "Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің", "Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі", "Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінде" және "Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігіне" сөздер тиісінше "Тіркеу қызметі комитетінің", "Тіркеу қызметі комитеті", "Тіркеу қызметі комитетінде" және "Тіркеу қызметі комитетіне" сөздермен ауыстырылды ҚР Әділет министрінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 52 бұйрығымен.
Редакция 09.03.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын   жүзеге асыру мақсатында  Бұйырамын :
#$: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен.
Заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініштің (1 қосымша);  
заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы өтініштің (2 қосымша);  
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) таратылуын (есептен шығарылуын) тіркеу туралы өтініштің (3 қосымша);  
облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы Әділет департаменттерінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу қызметін жүзеге асырмайтын аудандық (қалалық) әділет бөлімдерінің (басқармаларының) тізбесі (4 қосымша);  
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (5 қосымша);  
заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің (6 қосымша);  
филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы куәліктің (7 қосымша);  
филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы куәліктің (8 қосымша);  
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (заңды тұлғаның тұрған жері бір облыстан екінші облысқа ауысуына байланысты берілетін) (9 қосымша);  
филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң (филиалдың (өкiлдiктiң) тұрған жерi бiр облыстан екiншi облысқа ауысуына байланысты берiлетiн) (10 қосымша) нысандары бекiтiлсiн.
#$: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 265 бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң аумақтық органдары мен Тіркеу қызметі комитетінің, Діни істер комитетінің арасындағы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi функция мынадай тәртiпте анықталсын:  
Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметiне, діни бірлестіктерді қоспағанда әдiстемелiк басшылық жасауды;  
Әдiлет министрлiгінiң аумақтық органдары мен заңды тұлғалардың, діни бірлестіктерді қоспағанда заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдардың талаптарын орындауына бақылау жасауды;  
банктерді; республикалық және аймақтық мәртебесi бар қоғамдық бiрлестiктердi (сонымен бiрге, саяси партияларды); шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн; қажет болған жағдайда басқа да заңды тұлғалар мен филиалдар және өкiлдiктердi тiркеудi (қайта тiркеудi және таратылуын тiркеудi); 
заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң реестрiн жүргiзудi;  
Полная версия
ИС BestProfi