Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.10.2008
Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ереже
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 9 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1944.
Осы Бұйрық күшін жойды 2008 жылғы 20 қазаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 12.08.2008. № 398 Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.03.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы"  Заңын  іске асыру және құру тәртібі жөніндегі комитеттің өз қызметі шегінде банкроттық рәсімін өткізуге бақылау жүргізуді іске асыру мақсатында,   БҰЙЫРАМЫН :  
1. Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ереже бекітілсін.  
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.  
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді. 
Қазақстан Республикасы
 Мемлекеттік кіріс министрлігінің
 Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
 жөніндегі комитеті төрағасының
 2002 жылғы 11 шілдедегі
 N 70 бұйрығымен бекітілген
Банкроттық рәсiмдерiне және борышкердi  
  соттан тыс тарату конкурсты басқарушының  
  қорытынды есебiн келісу туралы  
  ереже   
1. Осы Банкроттық рәсiмдерiне және борышкердi соттан тыс тарату конкурсты басқарушының қорытынды есебiн келісу туралы ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 маусымдағы  Заңына  сәйкес әзірленген (бұдан әрі - Заң). 
2. Осы ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) мен оның аумақтық органының борышкердi банкроттық және соттан тыс тарату рәсiмдерiнде конкурсты басқарушының қорытынды есебiн келісу тәртібін белгілейді. 
3. Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін конкурсты басқарушы қорытынды есеп пен тарату балансын жасайды. Банкрот-ұйымның тарату балансымен қоса берілетін қорытынды есепке конкурсты басқарушы және бухгалтер қол қойып және осы ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес ресімделуі тиіс. 
4. Осы ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттар банкрот-ұйымның кредиторлар комитетінің қарауына ұсынылады. 
5. Ұсынылған құжаттарды кредиторлар комитеті қарағаннан кейін конкурсты басқарушы Заңның  87-бабының  1-тармағына сәйкес оны Комитетке немесе оның аумақтық органына келісуге жібереді (3-қосымша). 
: 5-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы № 16 бұйрығымен.
6. Қорытынды есеп мынандай іс-шаралар бойынша әрекеттерді конкурсты басқарушы өткізген мәліметтерді қамтуы тиіс:  
конкурстық iс жүргiзудi ұйымдастыру (банкрот-ұйымның құжаттамаларын, мөрін, мүлкін, жарияланған хабарландыруларды, хабарламаларды, бұйрықтарды, сондай-ақ басқасын қабылдау-өткізу);  
кредиторлар комитетін және оның құрамын қалыптастыру (кредиторлар комитетінің шешімдері, оның отырыстарының хаттамалары);  
банкрот-ұйымның мүлкiне (активтерiне) түгендеу мен бағалау жүргiзу, конкурстық массаны қалыптастыру;  
кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру және бекіту;  
банкрот-ұйымның дебиторлық берешегін өндiрiп алу және осы жұмыстың нәтижелері, сауда-саттық жолымен дебиторлық берешектерді сату және дебиторлық берешектерді өндiрiп алу мүмкіндігі жоқтығынан есептен шығарып тастау;  
Полная версия
ИС BestProfi