Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1150 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 567 Қаулысына сәйкес 
«Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.03.2015 жылғы № 7-1/247 Бұйрығын қараңыз
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 7 қазандағы
 № 1150 қаулысымен
 бекітілген
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары
 
Нысанды киім (погонсыз) бұйымдарының атауы Өлшем бірлігі Бір адамға арналған бұйымдардың саны Кию мерзімі (жыл)
1 2 3 4
Ерлер жиынтығы
Парадтық фуражка дана 1 5
Күнделікті фуражка дана 1 2
Берет дана 1 2
Қой терісінен жасалған қысқы құлақшын дана 1 5
Пальто дана 1 4
Плащ дана 1 3
Шалбары бар парадтық китель жинақ 1 3
Шалбары бар күнделікті китель жинақ 1 2
Күрте шалбарымен жинақ 1 2
Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа ақ түсті жейде дана 2 1
Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа көгілдір түсті жейде дана 4 1
Галстук дана 2 1
Шарф дана 2 5
Туфли жұп 1 1
Жылы етік (қысқа қонышты етік) жұп 1 2
Кокарда дана 3 мерзімі жоқ
Жеңге тігілетін белгі дана 4 3
Шеврон дана 4 3
Нөмірлік төс белгі дана 2 10
Галстукке арналған қысқыш дана 1 мерзімі жоқ
Былғары белбеу дана 1 2
Әйелдер жиынтығы
Парадтық фетр таблетка-қалпақ дана 1 5
Күнделікті фетр таблетка-қалпақ дана 1 2
Берет дана 1 2
Қой терісінен жасалған қысқы құлақшын дана 1 5
Пальто дана 1 4
Плащ дана 1 3
Юбкасы бар парадты китель жинақ 1 3
Юбкасы бар күнделікті китель жинақ 1 2
Күрте юбкамен жинақ 1 2
Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа ақ түсті блузка дана 2 1
Жеңі ұзын немесе жеңі қысқа көгілдір түсті блузка дана 4 1
Галстук дана 2 1
Шарф дана 1 5
Туфли жұп 1 1
Жылы етік жұп 1 2
Нөмірлік төс белгі дана 2 10
Кокарда дана 3 мерзімі жоқ
Жеңге тігілетін белгі дана 4 3
Шеврон дана 4 3
Галстукке арналған қысқыш дана 1 мерзімі жоқ
Былғары белбеу дана 1 2
Арнайы киім
Қой терісінен жасалған қысқа тон дана 1 5
Унты жұп 1 3
Резеңке етік жұп 1 2
Әйелдердің қысқа қонышты хром етігі жұп 1 2
Статикалық салмақтан және шаршағыштықтан қорғайтын бәтеңке жұп 1 2
Халат дана 2 0,5
Полная версия
ИС BestProfi